Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы әкімінің "АЛМАТЫ СІЗДЕРМЕН БІРГЕ!" есептік кездесуіне ақпарат

  1. СЫН-ҚАТЕРЛЕРДІ ЕҢСЕРУ. 2021 МІНДЕТТЕРІ

 

2020 жылдың басы. Қазақстанның ірі мегаполисінде қызу өмір.

 

Алматы «Алматы-2050» Стратегиясында айқындалған жоспарларды іске асыруға дайындалуда.

 

Өмір сүру сапасын жақсарту және шаһардың шет аумақтардын дамытуға басымдық берілді.

 

Атқарылған ауқымды жұмыстар халық назарынан тыс қалған емес.

Сондықтан, «Халық Аренада» өткен бірінші Алматы диалогына 4000-дай тұрғын жиналды.

 

Есепті кездесуде шет аумақтар мен агломерацияны және инфрақұрылымды кеңінен дамыту, қаланы көгалдандыру, әлеуметтік өткір мәселелерді шешу жоспарланды.

 

Алайда айналасына ажал сепкен жаңа вирус аз уақыттың ішінде жер бетіндегі тіршілікті тұтастай тұралатты.

Індеттен сақтану үшін елдегі ахуалға сәйкес, Алматыда Төтенше жағдай жарияланды.

Аса қатерлі ауруды халықтың жаппай жұқтырмауын қадағалау, өлім-жітімнің алдын алу, пандемия жағдайына бейімделіп, қала тіршілігін тоқтатпау - басты міндетке айналды.

 

Қала билігі жұмыс жоспарына шұғыл түзету енгізіп, алдын ала қамдана бастады. Жолдарға блок-бекеттер қойылып, халықаралық әуежай жабылды.  Теміржол, автомобиль тасымалы тоқтады. Дәрігерлер мен полицейлер және әскерилер көзге көрінбейтін жаумен күресте алдыңғы шепке шықты. Ынтымағымен ерекшеленетін Алматылықтар жауапкершілікті сезініп, карантиндік талаптарды орындады.

 

Қала жұртшылығы қашықтан өмір сүруді үйренді, мегаполисті дамытуға арналған жобаларды қиын кезеңде іске асыруға дағдыланды. Адам өмірін, денсаулығын жаңа вирустан қорғау, өзара көмек көрсетіп, шыдамдылық таныту, жаңа жағдайға бейімделу – басты құндылыққа айналды.

 

Алматы – алқымнан алған ауруды қасқая тұрып қарсы алды. Миллиондаған тұрғыны бар мегаполистің жұмыс жүйесі мен басқару тетіктері қайта қаралды.  

Ең алдымен бюджет саясаты қайта құрылды. Барлық мәдени, ойын-сауық, бұқаралық және өндірістік емес шығындар азайтылды. Үнемделген  108,4 миллиард теңге коронавируспен күресуге бағытталды. Осы қаражаттың көмегімен жаңа ауруханалар салынып, дәрі-дәрмектер мен азық-түліктің стратегиялық қорлары құрылды, халықтың әлеуметтік осал топтарына, пандемиямен күресте алдыңғы шепте тұрған медицина қызметкерлеріне материалдық қолдау көрсетілді.

Жедел жәрдем қызметін күшейтуге баса назар аударылды. Заманауи жабдықталған 135 жедел жәрдем көлігі сатып алынды. Осылайша жедел жәрдем автопаркі 100% жаңартылды. Нәтижесінде қала бойынша  орта есеппен бригадалардың келу жылдамдығы 13 минутқа дейін қысқарды.

Инфекциялық төсек-орындар санын арттыруға баса назар аударылды. 2020 жылдың басында бізде 400 төсек-орындық 2 жұқпалы стационар болса, бүгінде 7011 төсек-орындық 23 инфекциялық стационар ашылды.

Қысқа мерзімде 2 модульдік клиника салынды, РВ-90  жұқпалы аурулар ауруханасының, патологоанатомиялық бюро құрылысы аяқталды. Жеке инвестиция есебінен екі клиника жөндеуден өтті.

Барлық инфекциялық ауруханалар 3 эшелонға бөлінді,  нәтижесінде науқастар легін басқару жеңілдеп, емдеу сапасы артты. 

·        Бірінші эшелон – аса ауыр жағдайдағы науқастарды емдеу тәсілдерін жедел шешетін, жоғары деңгейде жабдықталған 9 аурухана.

·        Екінші эшелон – ауыр және орташа дәрежелі науқастарды емдеуге қажетті материалдық-техникалық және кадрлық базасы бар 15 стационар

·        Үшінші эшелон – коронавирустың жеңіл және симптомсыз түріне шалдыққандарды емдеуге арналған 8 карантиндік және провизорлық орталық

Алғашқы медико-санитарлық көмек жұмысы күшейтілді. Медициналық қызметтерді қадамдық қолжетімділікте ұсынудың үш жылдық жоспары аясында пандемияға қарамастан 16 амбулатория пайдалануға берілді.

 

Барлық емханада пациенттерді тұрғылықты жерінде бақылау үшін 298 мобилді топ құрылды.

Дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін және үй карантинінде отырғандарды бақылау үшін Телемедицина орталығы мен Науқастарды психологиялық қолдау қызметі құрылды.

Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Аудит негізінде медициналық жабдықтарды жаңғыртудың үш жылдық бағдарламасы әзірленген. 2020 жылы 41,8 млрд теңгеге 11 мың заманауи медициналық жабдық сатып алынды. Ең алдымен

Компьютерлік Томография, Магнитті-резонансты Томография, Өкпенің Жасанды Желдеткіші, рентген, стационарлық және жылжымалы Ультрадыбыстық зерттеу аппараттары, жаңа туған сәбилерге арналған инкубаторлар алынды. Бұл жұмыс қазір де жалғасып жатыр.  

Қалада ауруханаларды орталықтандырылған медициналық газ жүйесімен, сондай ақ оттегімен қамтамасыз ететін бағдарлама іске асырылуда. Бүгінде 1-ші эшелонның стационарларына соңғы үлгідегі жабдықтар орнатылған. 

Жалпы қалалық бақылау бағдарламасы жүзеге асырылуда. Барлық инфекциялық стационарлардағы кәріздік сарқынды суларды залалсыздандыру мақсатында биологиялық қауіпсіздікті бақылау жүйесі жолға қойылды.

Медициналық қалдықтарды қайта өңдеуді бақылау күшейтілді. Әрбір ауруханада мед.қалдықтарды қайта өңдейтін заманауи стансалар салынды.

Дәрі-дәрмекпен қамту жөніндегі Тұрақтандыру Қоры құрылды. Бұған қала бюджетінен 10 млрд теңге бөлінді. Оның 5 млрд теңгесі дәріханаларды дәрілік препараттармен  үздіксіз қамтамасыз етуге, тағы 5 млрд теңгесі емханалар мен ауруханаларды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге жұмсалды. Бүгінде дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдары жеткілікті деңгейде.

 

Жалпықалалық зертханалық желі мен диагностикалау жұмысы орталықтындырылды. Егер ТЖ басталған кезде қала бойынша 1 ПТР-зертхана болса, бүгінде Алматыда тәуліктік қуаты 14,5 мың болатын 25 ПТР(полимеразды тізбекті реакция) және 12 ИФТ(иммундық-ферметтік талдау) зертханасы жұмыс істейді. Олардың  перспективалық қуаты – 25 мың зерттеу.

Қала бойынша КТ(компьютерлік томография) саны 21-ге артты. Қалалық стационарларға ыңғайлы КТ(компьютерлік томография), МРТ(магнитті-резонанстық томография), рентген-түсірілімдерінің бірыңғай банкі құрылды.

 

Ауыр науқастардың жағдайын бақылау және Covid-19-дан болатын өлім-жітімді азайту мақсатында қаланың барлық 16 реанимациясы орталықтандырылды. Әр науқастың жағдайы жеке қадағаланып, есепке алынып отырды. Құрылған жедел әрекет ету тобы халыққа клиникалық қызмет көрсетіп, кеңес беруді ретке қойды. Нәтижесінде жаз мезгіліндегі індет 5 есеге азайды.

 

Инфекциялық стационарда жұмыс істейтін 2500-ден астам медициналық қызметкерлерден тұратын кадрлық резерв жасақталды.

 

Медицина қызметкерлерінің жалақысы 30% артты, 16,7 млрд теңге көлемінде 50 мыңнан астам медицина қызметкеріне өтемақы төленді.

 

Вируспен көзге көрінбейтін соғыс - Алматылықтарды біріктірді.  Қалалық әлеуметтік жобалар арқылы жүйелі көмек берілді. 

 

 

232 мыңнан астам аз қамтылған азамат, көпбалалы ана, мүмкіндігі шектеулі жанға материалдық көмек пен сервистік қолдау көрсетілді

 

Аудандардағы «Бақытты отбасы» орталықтарында «Іскер ана» жобасы аясында көпбалалы аналар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алды. 

 

Кірісінен айырылған азаматтарға 42 500 теңгеден 33,5 млрд теңге көлемінде 674 мың өтемақы берілді. 

 

Көмекке мұқтаж алматылықтардың коммуналдық қызметтер бойынша 80 млн теңге қарыздары алынып тасталды

 

 

Пандемия кезінде қаладағы еріктілер мен кәсіпкерлер және қала тұрғындары халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауда өте үлкен белсенділік танытты.

 

Алматыдағы 20-дан астам волонтерлік ұйымның басын қосқан жедел волонтерлік штаб құрылды

 

 

 

«Bizbirgemiz» акциясы аясында 60 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден қаржылай көмек алды.

 

ПЕРЕБИВКА

 

КВИ-мен күресуде қабылданған негізгі шаралар осы. Бұл ауру-сырқау мен өлім-жітімнің қарқынды өсуін азайтты. Бүгінде қала басшылығы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жіті бақылауда. Сонымен қатар, тұмауға, пневмонияға шалдыққан науқастар да басты назарда. Қазіргі таңда 1866 төсек-орын қолданыста, 73%-ы резервте.

 

Індеттің қайта өршуіне жол бермес үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен шектеу шараларының сақталуын қадағалайтын бақылау жүйесі құрылған.

 

Біріншіден, бизнес-қауымдастықпен бірлесіп, 133 ірі кәсіпорын мен 30 мың ШОБ нысанында санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау бойынша аудит және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Екіншіден, адам көп жиналатын және қоғамдық тамақтану орындарында, базарларда, қоғамдық көліктерде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларының сақталуын қадағалайтын 32 мониторинг тобының жұмысы жүйеленді. Өткен жылдың жазынан бастап қала бойынша рейд жүргізіліп, 21 590 нысан қамтылды. Нәтижесінде карантиндік шараларды бұзған 4279 нысан анықталды.

 

Үшіншіден, пандемиямен күрес барысында, қала өмірін қалыпқа келтіруде екпе маңызды рөл атқарады.

 

2020 жылдың 25 желтоқсанынан бастап қазақстандық QAZCOVID-IN екпесі клиникалық зерттеудің 3-фазасынан өтуде.

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Алматыда халыққа жаппай екпе салуға қатысты ауқымды жұмыстар қолға алынды. «Спутник (ВИ) » екпесін бірінші кезекте коронавируспен күресте алдыңғы шептегілер мен дәрігерлер алуда. 

 

 

Карантин шараларын сақтай отырып, экономикалық стратегияны жүзеге асырудың арқасында ел экономикасын шайқалтқан пандемияның әсері әлсіреді, табыстың бірден төмендеуі мен жұмыс орындарының қысқаруына жол берілмеді. Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы осыны айғақтайды. 

 

2020 ЖЫЛДЫҢ СЫН-ҚАТЕРЛЕРІН ЕҢСЕРУ

 

Өнеркәсіп, байланыс, құрылыс, ең алдымен тұрғын үй сияқты басты салаларда экономикалық өсім сақталды.

Өнеркәсіп 4,6% - ға, құрылыс жұмыстарының көлемі  10,6%-ға ұлғайды. Тұрғын үйді пайдалануға беру 14,2% - ға, байланыс қызметтерінің көлемі 8,2 % - ға өсті.

 

ТЖ мен локдаун режиміне қарамастан бөлшек сауда көлемі 3,5 трлн теңге, ал көтерме тауар айналымы 10 трлн теңге көлемінде сақталды.

 

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 971,2 млрд теңгеге жетті. Нақты (Физикалық) көлем  17,2% өсті.

 

 

Мемлекеттік бюджетке 2,9% өсіммен 2 трлн 290 млрд теңге салық түссе, жергілікті бюджет өсімі 39% , яғни 636,6 трлн теңгеге жетті.

 

 

 

 

Тұтыну бағаларының индексі 107,2% жетті.

Бұл – әкімдіктің 18 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандырудағы жүйелі жұмысының нәтижесі.

 

 

Дағдарысқа қарсы шаралардың пакеті жұмыспен қамту және жұмыссыздықты жою мәселелеріне бағытталған. Қала бойынша 76 300 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның 46 300-і мемлекеттік бағдарлама бойынша ашылды.

 

Жұмыс орындарының барлығы 52 инвестициялық жобаны іске асыру және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» «Еңбек» сияқты тағы да басқа бағдарламалар аясында атқарылды.

 

 

«ЖАҢА АЛМАТЫ» КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ

 

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ

 

Коронадағдарыстың салдарынан шағын және орта бизнестің шаруасы шатқаяқтады. Дегенмен, Елбасы мен Президенттің тапсырмасының арқасында, салықтық ынталандыру, несиелеуді кеңейту, инфрақұрылымды дамыту, өндірісті қолдау және жұмыс орындарын сақтау бойынша теңдессіз шаралар қабылданды. Пандемияға қарамастан, Алматыда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес нысандарының саны 3,6 пайызға артты. 

 

Шағын бизнесті несиелеу өткен жылы 1,7 есеге өсіп, 1,4 трлн теңгеге жетті. 

 

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында Алматы қаласындағы шағын және орта бизнесті қолдауға 7,9 млрд теңге бөлінді.

 

«Алматы Бизнес-2025» өңірлік бағдарламасы аясында шағын және орта бизнеске жеңілдіктері бар шамамен 13 млрд теңгеге 148 жобаға қолдау көрсетіліп,  3 шағын өнеркәсіп паркі ашылды.

 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 125,1 млрд теңгеге 69 жоба қаржаландырылып, қабылданды.

 

«Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы арқылы бизнесті бастауға қатысты 91 000 астам кеңес берілді. Сонымен қатар, басқа да сервистік қолдау көрсетілді.

 

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында infoalmaty порталы құрылды.

 

39,7 млрд теңгеге 1422 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 11 өнеркәсіп салынды. Индустриялық аймақта 29,9 млрд теңгеге 4 жоба іске қосылып, 848 жұмыс орны ашылды.

 

Медициналық кластер құрылды.

 

Кластердің алғашқы қатысушылары «Viva Pharm» мен «Dolce Pharm» компаниялары фармацефтикалық препараттар мен медициналық өнімдер және медтехника өндірістерін бастап кетті.

 

«ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА» ҚҰРЫЛЫСЫ

 

Мемлекет басшысының тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 2020 жылы 2,4 млн шаршы метр коммерциялық және мемлекеттік тұрғын үй пайдалануға берілді.

 

2948 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Аса мұқтаж отбасылар бірінші кезекте тұрды.

Қала әкімінің тапсырмасымен алғаш рет жастар қалада тіркеусіз «Алматы Жастары» бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болды

 

 

«Нұрлы жер» мемлекетттік бағдарламасы аясында жалпы аумағы 294,4 мың шаршы метр болатын 3 902 пәтер пайдалануға берілді. Бұл 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 2,5 есе артық.  

 

БЮДЖЕТКЕ ҚАТЫСУ

 

Алматыдағы «Бюджетке қатысу жобасы» расында халықтық жобаға айналды. Өз аудандарын абаттандыруға алматылықтар зор мүмкіндік алды. Нәтижесінде, қаланың жайлылығын арттырған ондаған жоба іске қосылып, мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылды.

 

Э К О Л О Г И Я

 

 

Қала экологиясын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар істелуде. Жаңғырту бойынша жылдар бойы қордаланған мәселелер шешілді.

Солардың ішінде (екінші жылу электр орталығын) «ЖЭО-2» газға ауыстыру жұмыстары жалғасуда.

 

Жасыл қорды көбейту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Миллион ағаш отырғызу бойынша 3 жылға арналған «Жасыл Алматы» қалалық бағдарламасы қабылданды. 

 

Өткен жылы шамамен 282 000-нан астам ағаш отырғызылды. 5 жаңа саябақ бой көтерді.

Қоғамдық көліктер газ бен электр тоғына көшірілуде.

Коммуналдық дизель және бензин техникасын сатып алуға тыйым салынды.

 

 

ТУРИЗМ

 

Инвестиция тарту және саяхатшыларға қолайлы жағдай жасау үшін туристік кластерді дамыту – маңызды стратегиялық бағыт. Бүгінде 41,8 млрд теңгенің бірқатар жобасы іске асырылуда.

 

«Горельник», «Аюсай» шатқалдары және Медеу мен Шымбұлақ базалық стансаларында және тағы басқа да көрікті жерлерде туристік Visit-орталықтары ашылды.

 

Таудағы бірнеше бағыт бойынша жолдар абаттандырылып, цифрландыру жұмыстары жүргізілді.

 

БІЛІМ

 

 

Пандемия күрделі сынаққа айналды. Қала түгел дерлік қашықтан оқуға көшті. Компьютерлік техникаға мұқтаж барлық оқушы әкімдік тарапынан 100 пайыз қамтылды. 

 

«Сфера» атты бірыңғай қалалық платформасы жасалып, енгізілді.

 

Кезекші сыныптарда 19 мың 100 оқушы білім алуда.

 

«Білім беру нысандарын салу» бағдарламасы кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Әуезов және Түрксіб аудандарында 1800 орындық 2 мемлекеттік мектеп құрылысы салынды. Жұмыс істеп тұрған мектептер жанынан 1817 орындық 5 қосалқы ғимарат салынды. Бұған қоса 8263 орындық 17 қосалқы ғимарат құрылысы жалғасуда. Сондай-ақ, 1390 орынға арналған 2 жекеменшік мектеп пайдалануға берілді.

 

2020 жылдың басынан бастап 520 орындық 3 балабақшаның құрылысы басталды. Оның ішінде 150 орындық 1 балабақша жеке инвестор есебінен салынған.

 

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 640 орындық 4 мемлекеттік балабақша құрылысы басталды.

 

 

Мектептен тыс білім беру бойынша балаларды жаппай қамтуға арналған жол картасы қабылданды.

Қала кітапханаларының базасында 156 тегін үйірме жұмысын бастады.

Жеткіншектерге арналған үйірмелер саны 5 400-ге дейін көбейді.

Мегаполистің 5 ауданында балалар мен жасөспірімдерді дамытуға бағытталған «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубтары құрылды.

  

 

МӘДЕНИЕТ

 

 

Креативті индустрияларды дамыту стратегиясы қабылданып, оны іске асыру бойынша жұмыстар басталды.

Бірінші  жаңа буын орталығы – Alatau creative hub ашылды.

КРЕАТИВТІ ИДЕЯЛАРды іске асыру үшін Креативті Индустрия Басқармасы құрылды.

Қаланың 10 кітапханасында жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Алматыдағы тарихи ғимараттардың бірі – Қазақстан жазушылар одағының  ғимаратын күрделі жөндеуден өткізді.

 

Музей ғимараттарына да ағымдағы жөндеу жүргізілді.

 

 

Жалпы алғанда, 2020 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджет әлеуметтік әлеуетке бағытталды. Әлеуметтік салаға кеткен шығын 370 млрд теңгеге жуық. Биылғы бюджет шығысының жартысына жуығы осы мақсатқа бағытталған.

 

 

ЦИФРЛАНДЫРУ

 

Коронавируспен күресу үшін цифрлық технологияның барлық мүмкіндігі кеңінен қолданыла бастады.

Халық тығыз жиналатын жерлерді анықтау, жедел жәрдем көлігін оңтайлы басқару, Медико-санитарлық алғашқы көмектің қадамдық қолжетімділігін анықтау және стационарлар мен дәріханалардағы дәрі-дәрмек қорын басқару бойынша цифрлық платформалар іске қосылған.

 

Қала өмірінің 11 саласын қамтитын  49 цифрлық жоба пулы құрылды. 

 

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы ақылды қалалар тізімінде Алматы – бірінші орынға шықты. Интеллектуалды көлік жүйесі мен Сел жүру қаупінің мониторингі жобалары ақылды қалалар жөніндегі IDC (АЙДИСИ) халықаралық рейтингінде үздіктер қатарына енді.

Ақылды бақылау камералардың көмегімен көптеген қылмыс ашылды. Қалада «Қадамдық қолжетімділіктегі Полиция» қағидаты енгізілді.

 

 

ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ

Алып мегаполисте Президент жолдауында айтылған саяси реформалар ерекше қарқынмен жүзеге асырылуда. Қала тұрғындарының белсенді болуына барлық мүмкіндіктер жасалған. Алматы әкімдігі ашық диалогқа әрқашан дайын. Азаматтарды қабылдау ашық кеңселерде жүргізіледі. Қала билігі митинг өткізуге арналған бірнеше орындарды да бөлді. Диалогтың арқасында Алматыда жаңа саяси мәдениет қалыптасты.

Азаматтармен өзара байланысудың онлайн-арналары күшейтілді. Тұрақты түрде онлайн-қабылдау өткізіледі.

 

2021 ЖЫЛ МІНДЕТТЕРІ

2020 жылдың қорытындысы бойынша басты әлеуметтік-экономикалық міндеттер орындалды. Биыл мегаполис экономикасын ауқымды түрде қалпына келтіру жұмыстары жалғасады.

 

Қала үшін «Алматы-2050» стратегиясы негізгі бағдар болмақ

«Жаңа Алматы» кешенді жоспары және Алматы агломерациясы шеңберінде инфрақұрылымды дамыту көзделіп отыр.

·        Инженерлік және көлік инфрақұрылымын жақсарту, сондай ақ қала инфрақұрылымын дамыту - оның ішінде:

·        Жаңа жолдар құрылысын аяқтау

·        Жолдарды орташа жөндеуден өткізу

·        Жолайырықтар құрылысын жалғастыру. Сонымен қатар Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесі қиылысындағы жолайырықты халық игілігіне беру көзделіп отыр.

·        Абай даңғылы мен Наурызбай ауданындағы Нұрлы көшесін ұңғылау жұмыстары жалғасады.

 

·        «Сарыарқа» және «Достық» метро стансаларының құрылысын аяқтау жоспарланған.

 

·        «Қалқаман» стансасының құрылысы жалғасады.

 

ЖЫЛУ ЭНЕРГО КЕШЕНІН ДАМЫТУ БОЙЫНША БІРҚАТАР ЖҰМЫС АТҚАРЫЛАДЫ, ОЛАР:

 

Жылу желілерін жаңғырту және жөндеу;

 

Қолданыстағы қазандықтарды газға ауыстыру

 

Электр желілерін жаңғырту жоспарланып отыр.

 

Су құбырлары мен кәріз желісіне қатысты проблемаларды шешу үшін:

 

«Ақсай» су алу стансасы

 

Наурызбай ауданындағы коллектор

 

және су құбырлары

 

кәріз желілері жүргізіледі.

 

 

2021 жылы 1950 шаршы метр тұрғын үй енгізіледі. Мемлекеттік және қалалық бағдарламалар аясында 8 292 пәтер үлестіріледі

 

ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ҚҰРЫЛЫСЫ

2021 жылы қосымша 20 700 оқушыға мектептен жаңа орын қосылады.

Мектепке дейінгі балаларға 640 орын ашылмақ. Ата-аналар төлемін субсидиялау аясында қалалық бюджеттен қосымша 5 000 мектепке дейінгі орын құру үшін 1 млрд теңге бөлінді.

Қадамдық қолжетімділікті арттыру үшін Жетісу және Түрксіб аудандарында 2 отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынады. №7 Қалалық клиникалық аурухананың жаңа қосымша ғимараты, сонымен бірге, балаларға шұғыл көмек көрсету орталығына арналған операциялық бөлімшесі бар жаңа корпус қолданысқа беріледі.

Әлеуметтік қызметтер үйі Open space форматында жұмыс істейтін болады.

14 кортты теннис орталығы, 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені халық қолданысына беріледі

 

Жұмыссыздықты жою үшін шамамен 50 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда, соның ішінде тұрақты жұмыс орны 30 мыңға жуық болмақ.

Әлеуметтік қолдауға баса назар аударылады.

Мүмкіндігі шектеулі 28 мың адамға оңалту және әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

Коммуналдық тарифтер төмендейтін болады.

Қала экологиясын жақсарту мақсатында биыл 350 мыңнан астам жасыл желек отырғызу, шаһар шетінен 5 жаңа саябақ салу, қаланың кіре берісіне 19 экобекет  орнату, 39 электр автобусын іске қосу жоспарлануда.

Қауіпсіздік мәселесі, оның ішінде жол қауіпсіздігі Алматы үшін аса маңызды.  Жол апатын азайту мақсатында 2021 жылы 60 жүргіншілер өткелі мен 30 бағдаршам салынбақ. 3 мың жол белгісін ауыстыру күн тәртібінде тұр. Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес «Полицияның жұмысын қызметтік үлгіге» көшіру жоспарланған. Пилоттық жоба Алатау және Бостандық аудандарында жүзеге асырылады.

АЛМАТЫ СІЗДЕРМЕН БІРГЕ!

Алматы ынтымақтастығы бізге карантиннің қиын кезеңінен өтуге көмектесті. Біз мойыған жоқпыз, керісінше, қауіпті вирусқа қарсы тұру үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығардық.


Түрлі сыннан өткен алматылықтардың рухы асқақ, олар болашаққа нық сеніммен қарайды. Өйткені  біздің ырысымыз – ынтымақтастықта, өзара көмек пен бірлікте!

 

Алматы сіздермен бірге!

 

 

Дата публикации
17 февраля 2021
Дата обновления
17 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы