
|
Вируспен көзге көрінбейтін соғыс - Алматылықтарды біріктірді. Қалалық әлеуметтік жобалар арқылы жүйелі көмек берілді. |
|
232 мыңнан астам аз қамтылған азамат, көпбалалы ана, мүмкіндігі шектеулі жанға материалдық көмек пен сервистік қолдау көрсетілді |
|
Аудандардағы «Бақытты отбасы» орталықтарында «Іскер ана» жобасы аясында көпбалалы аналар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алды. |
|
Кірісінен айырылған азаматтарға 42 500 теңгеден 33,5 млрд теңге көлемінде 674 мың өтемақы берілді. |
|
Көмекке мұқтаж алматылықтардың коммуналдық қызметтер бойынша 80 млн теңге қарыздары алынып тасталды |
|
Пандемия кезінде қаладағы еріктілер мен кәсіпкерлер және қала тұрғындары халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауда өте үлкен белсенділік танытты. Алматыдағы 20-дан астам волонтерлік ұйымның басын қосқан жедел волонтерлік штаб құрылды
«Bizbirgemiz» акциясы аясында 60 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден қаржылай көмек алды. |