
2021 жылдың 1 наурызы Алғыс айту күні Алматының Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында ADAM BOL AWARDS Тұңғыш ауқымды қазақстандық жүлдесінің лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті. Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет мәрттік пен ерлік істер жасаған, басқа адамдардың өмірін құтқарған батырлардың есімі тұтас елге танымал болды.
ADAM BOL AWARDS Тұңғыш ауқымды қазақстандық жүлдесі адамдық парызы үшін ешқандай қиындықтан қорықпай, нағыз батырлық көрсеткен адамдарға арналған. Жүлде лауреаттары адам бойындағы ең асыл қасиеттердің: мәрттік, жомарттық, ерлік, мейірім мен әділдік, махаббат пен даналық, сенім мен үміттің символдары. Осындай адамдардың арқасында әлем жақсара түседі.
ADAM BOL AWARDS жүлдесінің құрылтайшысы – қоғам қайраткері, Қоғамдық маңызды бастамалар Қорының жетекшісі, әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлия Назарбаева.
https://www.adambolawards.com/about.php
Халықтың дауыс беруі мен жүлденің Сарапшылар кеңесінің шешімі бойынша жеңімпаз атанған лауреаттар есімі:
Надир Омарғазыев, Қазақ Ұлттық Өнер университеті колледжінің студенті
Иманғали Баймырза, Нұр-Сұлтан қаласы, 7 сынып оқушысы
Жан-жануарларды қорғаушы Сергей Снигирев, Алматы.
Қазақстанның Ұлттық гвардиясының әскери қызметкері Андрей Петров, Ақтөбе.
Ақбота Аманғалиева, Ақтөбе қаласы, кәсіпкер.
Ержан Амарханов, Семей қаласы, грек-рим күресінің жаттықтырушысы.
Ардақ Байманасов, Ақтау қаласы, еңбек ұйымдастыру бойынша бас инженер.
Артем Боровиков, Өскемен қаласы, студент.
Александр Шахов, Теміртау қаласы, өндірістік альпинист.
Әлиакбар Юлдашев, Түркістан қаласы, жұмыскер.
Александр Жумабаев, Павлодар қаласы, КАМАЗ жүргізушісі.
Олардың әрқайсысы өз өмірлерін қауіпке тіге отырып, адам өмірін құтқарып қалған жандар.
ADAM BOL AWARDS Тұңғыш ауқымды қазақстандық жүлдесінің салтанатты марапаттау кешінің соңында 12 лауреат ең маңызды шешім қабылдап, өзара жабық дауыс беру арқылы араларынан нағыз лайықты жеңімпазға MYQTY ADAM деген атақ берді. Жүлденің ең құрметті атағына өскемендік Артем Боровиков лайық деп танылды.
Лауреаттарды қолдап, жылы лебіз білдіру үшін марапаттау кешіне Қазақстанның ең жас композиторы Нұрәли Бейсеқожа, Mezzo тобы, «Славянский базар в Витебске» байқауының жеңімпазы Амре, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Майра Мұхаммедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин және тағы басқалар келді.
ADAM BOL AWARDS жүлдесінің Сарапшылар кеңесі: даңқты педагог, психология ғылымының докторы, жазушы, ойшыл Шалва Амонашвали, рухани ұстаз, суретші Александр Хакимов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан» ордені кавалері Майра Мұхамедқызы, журналист және қоғам қайраткері Дана Орманбаева, киноактер Санжар Мәди, кәсіби альпинист Мақсұт Жұмаев.
https://www.adambolawards.com/expert.php
Марапаттау рәсіміне қатысқандар:
Алматы қаласы әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев, ҚР Халық әртісі Жәния Әубәкірова, киноактриса Альмира Тұрсын, композитор Ренат Гайсин, қазнэт батыры, қостанайлық полиция қызметкері Амантай Байжанов, гроссмейстер және Мәслихат депутаты Жансая Әбдімәлік.
ADAM BOL AWARDS жүлдесінің құрылтайшысы Әлия Назарбаева жеңімпаздарға өз атынан 1 млн теңге қаржылай сыйлық атады.
ADAM BOL AWARDS Тұңғыш ауқымды қазақстандық жүлдесінің ұйымдастыру алқасы барлық қазақстандықтарға шын жүректен алғыс білдіреді. Жобаға сенім артып, қызығушылық танытып, нағыз батырлар туралы айтып бергендеріңіз үшін мың алғыс.
Жобаның теленұсқасын 6 наурыз КТК телеарнасынан көре аласыздар.