Лого

Меню

Страницы

Статья

«Республика игілігі» сериясынан «MEDEÝ» коллекциялық монеталарының сатылымы басталғаны туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалы 2021 жылдың 23 ақпанында номиналы 500 теңгелік  күміс коллекциялық «MEDEÝ» монетасын сатуға шығарады.

"MEDEÝ" коллекциялық монеталарын сату Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы жүзеге асырылады.

 

«MEDEÝ» коллекциялық монетасы туралы

«MEDEÝ» монетасы дизайнының тұжырымдамасы атақты бөгеттің және «жарылыстан туындаған» мұз айдынының пайда болу тарихын суреттейді.

Монета дизайнының графикалық тұжырымдамасы бүкіл әлемге әйгілі «Медеу» биік таулы мұз айдынын қоршаған Іле Алатауының жартасты тауларын аллегориялық қабылдау негізінде жасалған.

 

«MEDEÝ» монетасының сипаттамасы:

 Монета аверсінің орталық бөлігінде «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY» жазбасының, монета номиналын және монета дайындалған металды, оның сынамасы мен массасын білдіретін жазбалардың қоршауында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген.

Монетаның реверсінде ортада жартасты таулар аясында биік таулы «Медеу» мұз айдынының бейнесі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ жиекте мынадай бедерлі жазулар орналасқан: монетаның соғылған жылы, мұз айдынының ресми ашылған жылы, белгіленген әлемдік рекордтар саны, теңіз деңгейінен биіктігі және мұз айдынының және оның орналасқан жерінің мемлекеттік тілдегі, орыс және ағылшын тілдеріндегі атауы.

Номиналы 500 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Күмістен жасалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік тілдегі, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Коллекциялық монеталар Қазақстанның теңге сарайында дайындалды                                                                        

 

Ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалымен дайындалған.

Дата публикации
25 февраля 2021
Дата обновления
25 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы