Лого

Меню

Страницы

Статья

2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімін ұзарту туралы  

Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартты.

«Халықтан өтініш түскен соң, айырбастау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, әсіресе, зейнет жасындағы қариялар әртүрлі себептерге байланысты ескі банкноттарды  уақытында  айырбастап  үлгермеген», -дейді  Қолма-қол  ақша  айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратов.

Банкноттар жеке  тұлғалар  үшін тек  Ұлттық  Банктің  филиалдарында ғана айырбасталады.Олардың мекен-жайы мен байланыс  телефоны  туралы  ақпарат Ұлттық Банктің сайтында орналасқан. 2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады.

Еске сала кетейік, 2006 жылғы үлгідегі номиналдарға тән банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін –4 жыл бойы ұзартылып келді.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ұлттық Банктің 1477 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефоннан ала алады:

+7 (717) 2 775205 e-mail: press@nationalbank.kz www.nationalbank.kz

 Алматы қаласында Ұлттық Банк филиалы мына мекен-жай бойынша орналасқан: Панфилов көшесі, 98 үй. Кассаның жұмыс уақыты 9.00-ден 15.00-ге дейін (түскі үзіліс 12.00-ден 13.00-ге дейін).

Алматы қаласы филиалының байланыс нөмірлері: +7 (727) 2443 420, +7 (727) 2443 674, +7 (727) 2443 616.

Дата публикации
27 января 2021
Дата обновления
27 января 2021
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
16 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
16 октября 2026
Сайлау округтерінің орталықтары және телефон нөмірлері

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы