
Экспорттық-импорттық валюталық бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, басқа да мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде және уәкілетті банктер жүзеге асыратын шаралар кешенін көздейді. Бұл экспорттаушылардың немесе импорттаушылардың экспорт немесе импорт бойынша шетелдік және (немесе) ұлттық валютаны репатриациялау талабын орындауын бақылау үшін қажет. Ондай бақылау қалай жүргізіліп жатқанын және қалай өтуге болатындығы туралы Ұлттық Банктің Алматы қалалық филиалында айтып бердібұдан әрі – Ұлттық Банк), басқа да мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде және уәкілетті банктер жүзеге асыратын шаралар кешенін көздейді.
Репатриациялау талабы ішкі валюта нарығында валюта ұсынысын қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді және резидент еместермен тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортына немесе импортына келісімшарттар жасасқан резиденттерге - заңды тұлғаларға және дара кәсіпкерлерге қолданылады. Экспорттық-импорттық валюталық бақылаудың қатысушылары экспорттаушылар немесе импорттаушылар, уәкілетті банктер, Мемлекеттік кірістер комитеті және оның аумақтық бөлімшелері, Ұлттық Банк және оның аумақтық филиалдары болып табылады.
Экспортер немесе импортер-ол Қазақстан Республикасының резиденті, яғни экспорт немесе импорт бо»ынша валюталық шарт жасаған, сондай-ақ талапты беру нәтижесінде резидент емеске қатысты талап ету құқығын қабылдаған немесе сондай шарт бойынша қарызды аудару нәтижесінде резидент еместің алдында қарызды қабылдаған заңды тұлға, оның филиалы, сондай-ақ жеке кәсіпкер.
Экспортер немесе импортер сомасы баламасында 50 мың АҚШ долларынан асатын экспорт немесе импорт бойынша валюталық шартты жасасқан кезде не шарттың сомасы болмаған жағдайда резидент оған есептік нөмір беру арқылы шартты валюталық бақылауға қабылдауды жасайтын есептік тіркеуге жүгінуге міндетті.
Есептік тіркеу тауарлардың экспортын немесе импортын, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді көздейтін валюталық шарттарға қолданылады.
Экспорттаушы немесе импорттаушы есептік нөмірді алу үшін оның кез келген тарапының экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерін орындауды бастағанға дейін жүгінеді. Бұл ретте, жұмыстарды/қызметтерді және тауарларды көрсетуге арналған келісімшарттарға қызмет көрсетуді тек бір уәкілетті банкте немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалында жүргізу қажет.
Бұрын экспорттық-импорттық келісімшартқа бүкіл қолданылу мерзімі ішінде бірнеше есептік нөмір берілуі мүмкін болса, өйткені СЭҚ қатысушысы банктен банкке өткен сайын, кейіннен Банк есептік тіркеудің жаңа нөмірін берді. Енді "бір шарт - келісімшарттың бір есептік нөмірі" қағидаты қолданылады, яғни уәкілетті банкте немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалында алғаш рет берілген келісімшарттың есептік нөмірі қызмет көрсетуге арналған келісімшартты басқа банкке ауыстырған кезде өзгермейді. Аталған жаңалық бизнес субъектілері үшін рәсімдерді жеңілдетуге және экспорттық-импорттық валюталық келісімшарттар бойынша операциялардың ашықтығын арттыруға мүмкіндік берді.
Есептік нөмірді алу, валюталық бақылаудан алу рәсімдері және есептік нөмірді беруден бас тарту үшін негіздер бойынша мейлінше толық ақпарат Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларында 30.03.2019 №42 көрсетілген.