Лого

Меню

Страницы

Статья

2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімін ұзарту туралы

Ұлттық Банк  2006  жылғы  үлгідегі  номиналы  2000,  5000  және  10000  теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартты.

«Халықтан өтініш түскен соң, айырбастау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, әсіресе, зейнет жасындағы қариялар әртүрлі себептерге байланысты ескі банкноттарды  уақытында  айырбастап  үлгермеген», -дейді  Қолма-қол  ақша  айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратов.

Банкноттар жеке  тұлғалар  үшін тек  Ұлттық  Банктің  филиалдарында ғана айырбасталады.Олардың мекен-жайы мен байланыс  телефоны  туралы  ақпарат Ұлттық Банктің сайтында орналасқан. 2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады.

Еске сала кетейік, 2006 жылғы үлгідегі номиналдарға тән банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін –4 жыл бойы ұзартылып келді.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ұлттық Банктің 1477 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефоннан ала алады:

+7 (717) 2 775205 e-mail: press@nationalbank.kz www.nationalbank.kz

Дата публикации
24 декабря 2020
Дата обновления
24 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы