
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 932,4 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,2% құрады.
Негізгі капиталға салынатын инвестиция 816,2 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113,5%-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 330,8 млрд. теңгені құрады немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,2%-ды құрады.
2020 жылғы қаңтар – қараша айларында 1 887,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9%-ға өсті.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 8,9%-ға төмендеді және 3 033,2 млрд. теңгені құрады.
Көтерме тауар айналымы 8 966,1 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 86,1% құрады.
Тұтыну бағасының индексі 2020 жылдың қарашасында 2019 жылдың желтоқсанына 106,3%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 109,3%, азық-түлік емес тауарлары бойынша –105,5%, ақылы қызметтер бойынша –102,9% -ды құрады.