
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 826,4 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,3% құрады.
Негізгі капиталға салынатын инвестиция 719,2 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,9%-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 291 млрд. теңгені құрады немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,8%-ды құрады.
2020 жылғы қаңтар – қазан айларында 1 609,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға өсті.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 8,5%-ға төмендеді және 2 474 млрд. теңгені құрады.
Көтерме тауар айналымы 7 978,2 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 86,1% құрады.
Тұтыну бағасының индексі 2020 жылдың қазанына 2019 жылдың желтоқсанына 105,3%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 108%, азық-түлік емес тауарлары бойынша –105,1%, ақылы қызметтер бойынша –101,8% -ды құрады.