Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

2020 жылдың 30 қарашада Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырыста «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін тіркеу туралы мәселе қаралды.

 

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы саяси партияларға тиесілі.

 

Егер сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгіленбесе, партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлау күнінен екі ай бұрын басталады және сайлау күніне бір ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

 

Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеуді тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

 

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалы 2020 жылғы 25 қарашада Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына 6 адамнан тұратын кандидаттардың партиялық тізімін ұсынды.   Оның ішінде 29 жасқа дейінгі ерлер - 0 адам, 29 жасқа дейінгі әйелдер - 1 адам, 29 жастан жоғары әйелдер - 1 адам, 29 жастан асқан ерлер - 4 адам.

 

Кандидаттардың Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабының 3-тармағында, сондай-ақ 33-бабының 2 және 3-тармақтарында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы бойынша 104-бабының 4-тармағында қамтылған талаптарға сәйкестігін анықтағаннан кейін, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалының партиялық тізімі түсіндірмесіз тіркелді.

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы, тел. 292-23-92

Күні:     30.11.2020 ж.

Дата публикации
30 ноября 2020
Дата обновления
30 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы