
2020 жылдың 19 қарашада Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырыста «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін тіркеу туралы мәселе қаралды.
Партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы саяси партияларға тиесілі.
Егер сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгіленбесе, партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлау күнінен екі ай бұрын басталады және сайлау күніне бір ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеуді тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы 2020 жылғы 15 қарашада Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына 78 адамнан тұратын кандидаттардың партиялық тізімін ұсынды. Оның ішінде 29 жасқа дейінгі ерлер - 2 адам, 29 жасқа дейінгі әйелдер - 3 адам, 29 жастан жоғары әйелдер - 24 адам, 29 жастан асқан ерлер - 49 адам.
Кандидаттардың Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабының 3-тармағында, сондай-ақ 33-бабының 2 және 3-тармақтарында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы бойынша 104-бабының 4-тармағында қамтылған талаптарға сәйкестігін анықтағаннан кейін, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының партиялық тізімі түсіндірмесіз тіркелді.
Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы, тел. 292-23-92
Күні: 19.11.2020 ж