
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 161,6 млрд. теңгені құрады.Нақты көлем индексі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,5% құрады.
Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 94,5 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,6%-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 15,3 млрд. теңгені құрады немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,6%-ды құрады.
2020 жылғы қаңтар-ақпан айларында 170,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға артық.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 7,1%-ға өсті және 518,3 млрд. теңгені құрады.
Көтерме тауар айналымы 1 418 млрд. теңгені құрады немесе 2019 жылдың қаңтарына 100,3%.
Тұтыну бағасының индексі 2020 жылдың ақпанында 2019 жылдың желтоқсанына 101,2%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 101,7%, азық-түлік емес тауарлары бойынша –101,2%, ақылы қызметтер бойынша –100,6% -ды құрады.