
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 248,2 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,2% құрады.
Негізгі капиталға салынатын инвестиция 140 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,7%-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 33,2 млрд. теңгені құрады немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,1%-ды құрады.
2020 жылғы қаңтар - наурыз айларында 303,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға артық.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 0,1%-ға өсті және 759,6 млрд. теңгені құрады.
Көтерме тауар айналымы 2 168 млрд. теңгені құрады немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 98,2%.
Тұтыну бағасының индексі 2020 жылдың наурызында 2019 жылдың желтоқсанына 102,3%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 103,9%, азық-түлік емес тауарлары бойынша –101,5%, ақылы қызметтер бойынша –101,1% -ды құрады.