Лого

Меню

Страницы

Статья

«Психоневрологиялық интернат үйлерінің тәрбиеленушілері арасында шағын футболдан SeniCup республикалық чемпионаты» әлеуметтік жобасы

Алматы қаласының әкімдігімен ынтымақтастық аясында «Психоневрологиялық интернат үйлерінің тәрбиеленушілері арасында шағын футболдан SeniCup республикалық чемпионаты» әлеуметтік жобасы 2017 жылдан бері жыл сайын өтіп келеді. Оның негізгі мақсаты - мүгедектердің проблемаларына қоғамның назарын аудару, психоневрологиялық интернат үйлерінде тұратын адамдардың өмірін жақсарту.
Сovid-19 коронавирустық инфекциясы мен әлемде қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ағымдағы жылы SeniCup турнирін өткізу 2021 жылға ауыстырылған еді. Дегенмен, жоба онлайн режимде Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде іске асырылуда.
Регламентке сәйкес Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі seniclubkz парақшасында аптасына бір рет командалар үшін тапсырмалар берілді әрі командалар апта ішінде оны іске асырулары және орындағандары жөніндегі бейнекөрсетілімдерді әлеуметтік желілердегі командалар парақшаларында жариялаулары тиіс болатын.
Онлайн турнирге Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Есік және Талғар қалаларынан 9 команда қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша барлық командаларға Seni командасы мен "Ақсай" нан-тоқаш комбинаты" ЖШС-нің кубоктары мен естелік сыйлықтары табыс етілді.

Дата публикации
19 ноября 2020
Дата обновления
19 ноября 2020
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Выборы депутатов маслихата - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы