
Алматы қ. бағалар ахуалын болжау үшін ҚР ҰБ Алматы қалалық филиалы кейбір азық-түлік және азық түлік емес тауарлардың сауда орталықтары мен нарықтарда жүйелі ай сайынғы бағалар мониторингін жүргізеді.
Бағалар мониторингінің нәтижелері бойынша 2020 жылғы 3 - 17 қараша аралығында Алматы қ. мынадай ахуал орын алды.
|
Тауарлар (қызмет көрсетулер) тобы |
Есеп айында бағалар өзгерісі* |
Себептер |
|
|
1 |
Азық-түлік тауарлар |
+ |
Қияр, сәбіз, қызанақ, жұмыртқа, түйінді пияз, сары май, өсімдік май, қой еті, сиыр етіның бағалары жоғарлап кеткен. |
|
2 |
Азық-түлік емес тауарлар |
+ |
Кір тазалағыш тауарлары және тұрмыстык техникасының бағалары өсіп кеткен. |
|
3 |
ЖЖО |
= |
ЖЖМ бағалары өзгермеген. |
|
4 |
Монополис-кәсіпорындарының көрсетілетін қызметтері |
+ |
Тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету бағаларының жалпы индексі 1,0% өсіп кеткен. |
* «+» - бағаның көтерілуі, «-» - бағаның төмендеуі, «=» - бейтарап әсер.
2020 жылғы қараша айында қалада мониторинг тізбесіне қосылған тізбесіне қосылған азық-түлік тауарлардың жалпы санға кірген бағалардың 45,0% жоғарлауы және 45,0% төмендеуі байқалды. 10,0% тауарлардың бағалары өзгерген жоқ.
Бағалары өскен заттар: қияр – 32,7 %-ға, сәбіз – 18,8%-ға, қызанақ – 10,5%, жұмыртқа - 5,9%-ға, түйінді пияз – 5,8%-ға, сары май – 4,6%-ға, өсімдік май – 2,9%–ға, қой еті – 2,3%-ға, сиыр еті – 1,1%-ға. Мына заттардың құны төмендеп кеткен: қызылша – 19,1%-ға, сүт – 11,9%-ға, алма – 9,8%-ға, қырық қабат – 8,6%-ға, тауық еті – 4,8%-ға, жоғарғы сұрып ұн – 4,1%-ға, картоп – 2,3%-ға, күріш – 1,0%-ға, қант – 0,9%-ға. Нан және жылқы етіның бағалары өзгермеген.
Азық-түлік емес тауарлар бойынша кіртазалағыш тауарлар – 2,2%-ға және тұрмыстық техника – 1,3%-ға өсіп кеткен. Дәрі-дәрмек – 1,4%-ға және жеке тазалық тауарларының бағалары – 0,2%- ға төмендеген. Қалған тауарлардың бағалары өзгерген жоқ.
Жанар-жағармай материалдарының бағалары өзгерусіз қалды.
Ақылы қызмет көрсету секторында тұрғын үй-коммуналды қызмет көрсету тарифтері 1,0%-ға өсіп кеткен.