Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматыда тіркеуден өткен саяси партия өкілдеріне арналған брифинг-семинар өтеді

2020 жылдың 10 қарашасында тіркеуден өткен саяси партия өкілдеріне арналған брифинг-семинар өтеді. Тақырыбы: «Саяси партиялардың сайлауға қатысуы: заңнаманы түсіндіру»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 21 қазандағы № 439-шы Жарлығымен партиялық тізімдер бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленді. Covid-19 пандемиясы жағдайында шығындарды оңтайландыру және әлеуметтік байланыстарды азайту мақсатында Қазақстан Республикасының ОСК ҚР Парламенті Мәжілісі депуттарын және мәслихат депутаттарының сайлауын біріктіру туралы шешім қабылдады. 

 

Сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіру мақсатында ағымдағы жылы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына және «Саяси партиялар туралы» ҚР заңына өзгерістер қабылданды.

Семинар-брифингте сайлау заңнамасының негізгі ережелері түсіндіріліп, саяси партиялардың сайлауға қатысуы және олардың құжаттар тапсыру тәртібі туралы мәселелер талқыланады.

Короновирустық инфекцияның таралу қаупі туындадағандықтан бұл іс-шара қашықтықтан өткізіледі. БАҚ өкілдері семинар-брифингке Zoom платформасы арқылы қатыса алады, оларға қосымша сілтеме беріледі. Ол үшін ұялы телефон нөміріңізді көрсетіңіз.

Семинар-брифингке БАҚ өкілдерін аккредиттеу 2020 жылдың 10 қарашасында сағат  13:00-ге дейін мына телефон нөмірі арқылы жүзеге асырылады: +77017559797

Zoom конференциясына кірмес бұрын сіз қатысушының аты-жөнін көрсетуіңіз керек. Конференцияға қосылу аккредиттеу тізіміне сәйкес жасалады.

Өтетін күні: 10.11.2020ж.

Басталуы: сағат 15.00.

Дата публикации
09 ноября 2020
Дата обновления
09 ноября 2020
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы