
2020 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша Ұлттық Банк Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 69 қаулысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы (ары қарай – Бағдарлама) бойынша қарыздарды қайта қаржыландырудағы бас тартулардың заңдылығы мәселесі бойынша Комиссия 122 отырыста 1 464 өтініш қарап шықты (құрылғанынан 2015 ж. бастап), оның ішінде 2020 жылы Комиссияның 10 отырысында 118 өтініш қаралды.
Комиссия шешімі бойынша заңды бас тартулар саны 858 немесе олардың жалпы шағым санынан 58,6% құрады. Бұл ретте, Комиссия банктердің 202 бас тартуын немесе тиісінше 13,8% заңсыз деп таныды. Демек, олар бағдарлама аясында міндетті түрде қайта қаржыландырылуы керек еді. Банктердің 307 бас тартуына қатысты (20,7%) Комиссия шешімдері банкке өтініш берген күні заңды деп тани отырып, қарыз алушылардың ағымдағы әлеуметтік және қаржылық жағдайын, бағдарламаға өзгерістерді (қарыз алушылар үшін жағдайларды жақсарту бойынша) бағалай отырып, Бағдарлама шеңберінде қарыздарды қайта қаржыландыру туралы шешім қабылдады. 2020 жылдан бастап бағдарламаға үшінші блоктың (2-1-бөлім) қабылдануын ескере отырып, ХӘОТ қарыз алушыларына борыштық жүктемені азайту туралы Комиссия 29 шағым бойынша банктерге оларға қосымша көмек көрсету мәселелерін қайта қарау туралы ұсыныстар берді.
Бағдарламаның 1 бөлімі бойынша (жалғыз тұрғын үй, ипотекалық несие, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығында теңгеде немесе шетел валютасында)
Комиссия 1 310 өтінішті қарады, оның ішінде 796 банктің бас тартуы заңды деп танылды.
Банктердің 180 бас тартуына қатысты Комиссия оларды заңсыз деп таныды және Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландыру туралы шешім шығарды.
Банктердің 282 бас тартуына қатысты Комиссия оларды заңды деп танып, қарыз алушылардың әлеуметтік жағдайы мен адалдығын ескере отырып, Бағдарлама шеңберінде несиелерді қайта қаржыландыру туралы шешімдер қабылдады.
2020 жылы 49 шағым қаралды, оның ішінде заңды 27 бас тарту, заңсыз 5 бас тарту және 13 бас тарту бойынша Бағдарлама шеңберінде қарыздарды қайта қаржыландыру туралы хаттар жіберілді.
Бағдарламаның 2-бөлімі бойынша (валютадағы ипотекалық қарыз)
Комиссия Екінші деңгейдегі банктердің 91 бас тартуын қарады және мынадай шешімдер қабылданды: 39 - заңды бас тарту, 22 – заңсыз бас тарту және 25 – Бағдарлама шеңберінде қарызды қайта қаржыландыру туралы шешім.
2020 жылы 7 шағым қаралды, оның ішінде банктердің 5 бас тартуы заңды деп танылды және 2 бас тарту бойынша, Бағдарлама шеңберінде қарыздарды қайта қаржыландыру туралы хаттар жіберілді.
Бағдарламаның 2-1-бөлімі бойынша (борыш жүктемесін азайту жөніндегі қосымша шаралар)
Комиссия ағымдағы жылдың 10 айында банктердің қосымша көмек көрсетуден бас тартуына қатысты 62 шағымды қарады (банк алдындағы берешекті азайту, оның ішінде жалғыз тұрғын үйді банк балансынан сатып алу).
Комиссия шешімдері бойынша банктердің заңды бас тартуы 22 өтінішті құрады. Банктерге қатысты 29 шағым бойынша Комиссия ауыр әлеуметтік жағдайларды, сондай-ақ ХӘОТ несиелеріне қызмет көрсету үшін қаржылық мүмкіндіктің жоқтығын ескере отырып, несие беруші банктерге қосымша көмек көрсету мәселелерін қайта қарау туралы ұсыныстар жіберді.
Комиссия мүшелерінің қарауына қайта шығару үшін 11 адамға қатысты Комиссияның жұмыс органы қосымша тексеру жүргізіп жатыр.