
Талдау 2019 жылдың 9 айымен салыстырылып жасалған.
2020 жылдың 9 ай аралығында теңгенің АҚШ долларына нарықтық бағамы бір АҚШ долларына 377,80 – 433,58 теңге аралығында өзгерді. АҚШ долларының орташа алынған сату бағамы қыркүйек айының аяғында бір АҚШ доллары үшін 426,39 теңгені құрады. Долларды сатып алу бойынша мәмілелер көлемі 33,3% -ға т төмендеді, 1 209,6 млн.-ды құрады, сатылым көлемі 32% азайып, 2 123,4 млн долларды құрады.
Еуро бағамы 412,33 – 500,11 теңге аралығында өзгерді.Қыркүйек айының аяғында еуроның орташа сату бағамы 1 еуро үшін 503,84 теңгені құрады. Сатып алу-сату мәмілелерінің көлемі 50,1% -ға төмендеді, 97,0 млн-ға жетті Еуро сатылуы 60%-ға төмендеді және 202,6 млн. құрады.
Ресей рублінің бағамы бір валюталық бірлік үшін 5,60 – 6,12 теңге аралығында өзгерді. Ресей рублінің орташа алынған сату бағамы қыркүйек айының аяғында 1 рубль үшін 5,63 теңге болды. Сатып алу-сату мәмілелерінің көлемі 4 502,7 млн. теңгеге дейін 51,7% -ға төмендеді.Ресей рублінің сатылуы 37,2%-ға төмендеді және 8 890,7 млн. құрады.
Депозиттердің көлемі 5 288,6 млрд.теңгені құрады және 29,5% -ға дейін өсті. Жеке тұлғалардың салымдары 20% өсіп, 3 892,4 млрд. теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 66,2% өсті және 1 396,2 млрд. теңгені құрады.
Ұлттық валютада депозиттер 2 489,9 млрд. теңгеге дейін, 50,7% -ға өсті. Шетел валютасында депозиттер 2 798,6 млрд. теңгеге дейін, 34,9% -ға өсті.
Есепті кезеңнің аяғындағы жағдай бойынша қысқа мерзімді депозиттер бойынша орташа жылдық пайыздық мөлшерлемелер ұлттық және еркін айырбасталатын валюталарда тиісінше 7,1% және 0,6% болды.
2020 жылдың 9 ай аралығында банктердің несие беру 8,2% -ға азайып, 5 875,4 млрд.теңгені құрады. Ұлттық валютадағы кредиттердің үлесі 88,7% құрайды. Кредиттеудің салалық құрылымы өнеркəсіптік жəне саудадағы тиісінше 18,5%, 44,4% басым бағыттарды сақтап қалды.
Қарыз берешегі 6 684,1 млрд. теңгеге дейін 3,1% азайды.
Шағын бизнес субъектілеріне берілген несиелер бойынша берешек 7% -ға өсіп, 1 299,3 млрд. теңгені немесе экономикадағы несиелердің жалпы көлемінің 19,4% -ын құрады.
2020 жылдың қыркүйек айында банктік заемдар бойынша орташа жылдық пайыздық ставкалар қысқа мерзім ішінде теңгеде - 12,1%, шетел валютасындағы – 4,2%, ұзақ мерзімді кезеңде – 15,8% және шетел валютасындағы 5,5% болды. Шағын бизнес үшін қысқа мерзімді кезеңде тиісінше 11,5% және 4,3%, ал ұзақ мерзімді кезеңде тиісінше 13,6% және 7,1% болды.
Жалпы алғанда, халық тұтыну қажеттілігіне 733,1 млн. теңге берілді, бұл 35,9% төмендеді. Шетел валютасындағы несиелердің үлесі 0,4% -ды құрады.
Тұтынушылық несиелер бойынша несиелік берешек 1 070,1 млрд. теңгені немесе 2019 жылғы тиісті кезеңнің 72,9% -ын құрады. Ұлттық валютадағы несиелердің үлесі 97,8% -ды құрайды.
Тұтынушылық мақсаттарға берілген несиелер бойынша мерзімі өткен берешек 83,4 млн. теңге мөлшерінде қалыптасты және 20,1%-ға төмендеді.
2020 жылдың 9 ай аралығында тұрғын үй құрылысына және сатып алуға ипотекалық несие берешегі 544,2 млрд. теңгені және жеке кәсіпкерлер үшін 1,2 млрд. теңгені құрады.