
Аумақтық сайлау комиссиясына Алматы қаласынан Парламент Сенатының депутаттығына кандидат болуға ниет білдірген 7 адамнан өтініш келіп түсті:
Макежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы, 1961 жылы туған, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі, Алматы қаласы тұрғыны, Nur Otan партиясының мүшесі, қазақ, өзін-өзі ұсыну бойынша;
Нұртаев Тимур Таймасұлы, 1975 жылы туған, «Тимус-Construction» ЖШС директорының кеңесшісі, Алматы қаласы тұрғыны, партияда жоқ, қазақ, өзін-өзі ұсыну бойынша;
Захаров Андрей Михайлович, 1966 жылы туған, «Евразия СТ » ЖШС, президенті, Алматы қаласы тұрғыны, партияда жоқ, орыс, өзін-өзі ұсыну бойынша;
Пердебеков Асқанбек Бейсебекұлы, 1960 жылы туған, «КазСтрой Group LTD»ЖШС, учаске бастығы, Алматы қаласы тұрғыны, партияда жоқ, қазақ, өзін-өзі ұсыну бойынша;
Федорук Игорь Валерьевич,1964 жылы туған, «Интерком» ЖШС, Алматы қаласы тұрғыны, партияда жоқ, орыс, өзін-өзі ұсыну бойынша;
Шормақов Дамир Бауыржанұлы, 1990 жылы туған, ШЖҚ "Қалалық патолого-анатомиялық бюро" МКК, заңгер, Алматы қаласы тұрғыны, Nur Otan партиясының мүшесі, қазақ, өзін-өзі ұсыну бойынша;
Иманбай Әлия Жұмағалиқызы, 1954 жылы туған, зейнеткер, Алматы қаласы тұрғыны, «Ақ Жол» партиясының мүшесі, қазақ, өзін-өзі ұсыну бойынша.
Сайлау комиссиясы 6 кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтап, қарастырылған хаттамаларды жасады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылу кезеңінде, сайлау заңнамасы бойынша сұрақтар, немесе оның бұзылғаны туралы, және де сайлау комиссиясының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) байланысты шағым арыздар келіп түскен жоқ.