
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 22-бабының 2-тармағына сәйкес, Алматы қаласы Аумақтық сайлау комиссиясының «Алматы қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау үшін аумақтық сайлау округін құру туралы» 2020 жылғы 21 қазандағы № 32/1 қаулысы негізінде, Алматы қаласының шекарасында аумақтық сайлау округі құрылғанын хабарлаймыз.
Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 74 А, 31, 37 кеңселер, телефондар 8-727-2722239, 8-727-2722392.