Лого

Меню

Страницы

Статья

Күзгі бос орындар жәрмеңкесі

2020 жылдың 28 қазанында "Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ жаңа форматтағы алғашқы on-line бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Жаңа формат Алматы қаласы бойынша 80-ге жуық виртуалды келушілерді жинауға мүмкіндік берді және 55 бос орын ұсынылды, бұл қаланың 11 компаниясымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін қамтамасыз етті. Әлеуметтік желілер арқылы азаматтар сұрақтар қойып, көптеген пайдалы ақпаратты біле алды, мысалы, сауатты түйіндеме құру және т. б.

Компаниялардың алғашқы пікірі бойынша формат тиімді және ыңғайлы болғанын және екі тарапқа да пайдалы байланыстар орнатуға мүмкіндік бергенін айтады. Әрбір ниет білдіруші бос жұмыс орындарының виртуалды жәрмеңкесіне барып, жұмысқа орналастыру саласында кең мүмкіндіктер ашты: Алматының еңбек нарығындағы компаниялармен танысу, компаниялардың өкілдерімен онлайн режимінде сөйлесу, қызықтыратын мәселелер бойынша HR-мамандардан сапалы кеңес алу.

Виртуалды жәрмеңкеге келушілер ұсынылған компаниялардың бос жұмыс орындарымен ыңғайлы форматта таныса алды, бұл жұмыс іздеушілер үшін жұмыс іздеу және жұмыс беруші компаниялар үшін білікті қызметкерлерді іздеу мәселелерін сапалы шешуге және уақытты үнемдеуге мүмкіндік берді.

Ізденушілердің назарына келесі бос орындар ұсынылды: Colvir әзірлеушісі, мобильді қосымша бөлімінің басшысы, SQL талдаушысы, техникалық маман, сатушы консультант, 3-санаттағы химик, инженер-электроншы және басқалар.

Жәрмеңкені тікелей эфирде өткізу барысында тұрақты жұмыс орындары бөлімінің маманы Динара Бейсенова келушілердің жұмыспен қамтуға, жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге, жастар тәжірибесіне, бизнес - идеяларды іске асыруға және т.б. жұмысқа орналастыруға қатысты сұрақтарына жауап берді (803 қарау). "Жан" баспасының бас редакторы Дмитрий Беркуненко тікелей эфирде сауатты түйіндемені қалай құрастыру керектігін айтып берді.

Жұмысқа қатысты барлық сұрақтар бойынша Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады, мекенжайы:  Назарбаев даңғылы, 50-үй, Жібек Жолы көшесінің қиылысында орналасқан.

Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.00-ге дейін

Анықтама телефондары: +7 (727) 224 20 00, 221 66 11

Дата публикации
29 октября 2020
Дата обновления
29 октября 2020
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы