Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық жөніндегі алғашқы отырысын өткізді

2026 жылғы 13 қазанда Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық мәселелері жөніндегі алғашқы отырысы өтті.

Отырыс барысында комиссия Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті. Аталған құжатқа сәйкес кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 14 қазанда басталып, 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталады.

Сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін бекіту мәселесі қаралды. Комиссиялар демалыс күндерін қоса алғанда, күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс - сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова отырыста аумақтық және округтік сайлау комиссияларының сайлауды әзірлеу мен өткізу жұмыстарына кіріскенін хабарлады.

Сайлау науқанына қатысты барлық өзекті ақпарат Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы «Сайлау» бөлімінде жарияланып отырады.

 

Дата публикации
13 октября 2026
Дата обновления
14 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы