Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы мәслихатының VII сайланымының кезектен тыс VI сессиясының 2021 жылғы 31 мамырдағы № 49 «Алматы қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасын талқылау

Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы электрондық үкімет порталында Алматы қаласы мәслихатының VII сайланымының кезектен тыс VI сессиясының 2021 жылғы 31 мамырдағы № 49 «Алматы қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы жарияланғанын хабарлайды.

          Құжат Алматы қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне сәйкестендіру, Қағидалардың жекелеген ережелерін өзектендіру және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормалардың біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

          Шешім жобасында Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі мен «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын ескере отырып, Қағидалардың құқықтық негізін нақтылау, «дизайн-код» ұғымын өзектендіру, қоғамдық талқылауларды өткізу тәртібін, сондай-ақ қаланың тарихи орталығы шегінде жұмыстар жүргізу тәртібін нақтылау көзделеді.

          Ұсынылып отырған өзгерістер:

          – Алматы қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне сәйкестендіруге;

          – «дизайн-код» ұғымын және қаланың үйлесімді әрі стилистикалық біртұтас сәулеттік келбетін қалыптастыруға бағытталған талаптарды нақтылауға;

          – қоғамдық талқылауларды жұртшылықтың пікірін ескере отырып, ашық және жария түрде өткізуді қамтамасыз етуге;

          – тарихи орталық шегінде реставрациялық және өзге де жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ ғимараттарды қайта жабдықтау тәртібін нақтылауға;

          – нормативтік реттеуді өзектендіру мақсатында Қағидалардың 16 және 17-тармақтарын алып тастауға бағытталған.

          Аталған өзгерістерді қабылдау Алматы қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын өзектендіруге, олардың Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне сәйкестігін және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы талаптардың біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

          Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

          Жобаны  «Ашық НҚА» порталында талқылауға қатысуға шақырамыз:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15901701 

Дата публикации
31 августа 2026
Дата обновления
31 августа 2026
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы