Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының сайлау учаскелеріне жүргізілген мониторинг бойынша БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

  1. Алматы қаласында 670 сайлау учаскесі бар, оның ішінде азаматтарды тіркеу орны бойынша – 597.
  2. Мониторингті ұйымдастыру және құрамы.

Мониторинг екі кезеңде жүргізілді: 1-кезең ағымдағы жылдың 21 шілдесі мен 4 тамызы аралығында, 2-кезең 3 тамыз бен 5 тамыз аралығында.

Мониторингке сайлау комиссияларының мүшелері, аудандық әкімдіктердің қызметкерлері, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестіктерінен шыққан сарапшылар қатысты.

Анықтама үшін: «Ten Qogam» мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қолдау орталығы» ҚБ – Ахметжанов Асылбек, «Үміт» саңырау мүгедектерге қолдау көрсету орталығы» ҚҚ – Шалабаева Жанна Үсербаевна, Түркісіб ауданының ерікті мүгедектер қоғамы» ҚБ – Құдайбергенов Кенжебай, «Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалы – Малаева Диана Қабдулловна, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ – Бергенов Жанарыс Жаңабайұлы, Алматы қаласының және аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері – Тегісов Азамат Рашидович, Сарсенбекова Пернеш Әмібекқызы, Ходжаева Лариса Семёновна, Альбисенов Ерлан Ибрагимович, Есімбеков Қанат Досқалиұлы, Иманкулова Гульнара Анатольевна, Маданова Земфира Жайылқанқызы, Мурунова Жаннат Шарапханқызы, Мусапирова Арайлым Болатханқызы, Усеров Нишанали Нуралиевич, Самыкенова Құлбала Аянбергенқызы, Смагулов Дамир Эрикович, Курманбаев Талғат Мұратұлы.

Мониторингтің қосымша кезеңі 2026 жылдың 10 тамызы мен 14 тамызы аралығында аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерімен бірлесіп, Алматы қаласы аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерімен жүргізілді.

Бағалау кешенді түрде жүргізілді: нысанға жақындау жолдары мен тұрақ орнынан бастап, дауыс беру бөлмесін жабдықтауға дейін, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 24/217 қаулысымен бекітілген Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарға және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183 қаулысымен бекітілген Сайлау учаскесіндегі, дауыс беру пунктінің бөлмесін жабдықтау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылды.

  1. Тексеру көлемі

Қамту: бүгінгі таңда 1-кезеңде азаматтарды тіркеу орны бойынша құрылған 597 (100%) сайлау учаскесі, 2-кезеңде 35 (6%) сайлау учаскесі, 3-кезеңде 80 (14%) сайлау учаскесі тексерілді.

  1. Ғимараттар мен дауыс беру бөлмелерін қолжетімділік элементтері мен аймақтарының болуына тексерудің негізгі параметрлері:

1) Дауыс беру бөлмесінің бірінші қабатта орналасуы, физикалық кедергілердің болмауы және аз мобильді және басқа (көру, есту қабілеті бұзылған) халық топтары үшін қауіпсіздік, сондай-ақ ҚНжЕ талаптарына сәйкестігі.

2) Мүмкіндігі шектеулі адамдардың автокөліктеріне арналған арнайы тұрақ орындары бар автотұрақтар.

3) Кіру тобын рәсімдеу: стандарттандырылған пандустардың, тұтқалардың, көмек шақыру түймесінің, есік жапсарларының, баспалдақтардың, жабындардың, тұтқалардың, электр көтергіштердің, платформалар мен лифттердің, шлюздердің және өткізу-бақылау құрылғыларының, көмек шақыру түймелерінің болуы және сәйкестігі, табалдырықтардың болмауы.

4) Навигация: тактильді және бедерлі нұсқағыштар, баспалдақтардың контрастты таңбалануы, көру қабілеті нашар және зағип жандарға арналған бағыттаушы жолақтар.

5) Учаске ішіндегі жабдықтар: арнайы кең дауыс беру кабиналары (арбада жүретін азаматтар үшін), Брайль рельефті-нүктелі қарпімен орындалған бюллетеньге арналған трафарет-қаптамалардың болуы. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы жабдықталған орынның (бұрыштың), компьютердің (диагоналы кемінде 54 сантиметр монитормен) болуы, онда Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген ақпарат мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделген форматта, құлаққаптар, қосымша жарықтандыру және ұлғайтқыш әйнектер орналасуы тиіс. Компьютерде трафарет-қаптама арқылы дауыс беру туралы ақпараты бар аудиороликтердің, аудиобюллетеньнің және NVDA бағдарламасының (көру қабілеті нашар және зағип адамдарға арналған компьютер интерфейсінің барлық әрекеттерін, мәтіндері мен элементтерін дыбыстайтын экранға қол жеткізу бағдарламасы) бар-жоғы тексерілді.

6) Қозғалыс жолдарынан ұзындығы 1,3 сантиметрден асатын кілем жабындарын (бар болған жағдайда) алып тастау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Дауыс беру күні 170 инватакси көлігі жұмылдырылады, сайлау учаскелерін қамту үшін 80 сурдоаудармашының онлайн-жұмысы ұйымдастырылады.

«Интерактивті қолжетімділік картасы» «Қолжетімді орта» порталына енгізілген сайлау учаскелері – 597, қазіргі уақытта Алматы қаласы әкімдерінің аппараттары және Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан деректерді жаңарту бойынша жұмыс аяқталды.

  1. Жай-күйдің жалпы бағасы және анықталған кемшіліктер

Тексерілген учаскелер жалпы алғанда қойылатын қолжетімділік талаптарына сәйкес келеді.

Кемшіліктер анықталған жағдайда, олар сол жерде жойылады. Басқа жағдайда, жұмыс тобының мүшелері кемшіліктерді жою үшін сайлау учаскесі құрылған ұйымға және жергілікті атқарушы органға ұсынымдар жібереді.

Анықтама үшін: тексеру барысында келесі бұзушылықтар анықталды: едендегі тактильді тақтайшалардың ажырауы, қызметкерді шақыру түймесінің ақауы, жарық қосқышының орналасу биіктігінің нормативке сәйкес еместігі, компьютер экранының 54 сантиметрден кіші болуы және т.б., анықталған кемшіліктер саны – Алатау ауданы – 2, Алмалы – 3, Әуезов – 2, Бостандық – 3, Жетісу – 4, Медеу – 4, Наурызбай – 1, Түркісіб – 5.

  1. Қорытынды

Мониторинг жұмысы аяқталды.

Жоғарыда аталған кемшіліктердің барлығы жойылды.

Кейбір кемшіліктер бойынша оларды жою қажеттігі туралы ұсынымдар сайлау учаскелері құрылған мекемелерге және «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-ге жіберілді.

Анықтама үшін: СУ 72, 256 (пандус ҚНжЕ-ге сәйкес келмейді), 104 (бордюрлік түсірім жоқ) бойынша кемшіліктер бақылауда және жойылатын болады.

 

Дата публикации
19 августа 2026
Дата обновления
19 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы