
Алматыда білім беру нысандарын үдемелі салу бағдарламасын кезең-кезеңімен жүзеге асыру жалғасуда
Алматы қаласы ірі білім беру орталығы болып табылады және республика бойынша оқу орындарының ең кең желісімен ұсынылған. Қалада мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында 871 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оларда 1-6 жас аралығындағы 62 мыңнан астам бала қамтылған. 387 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 17 818 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен одан әрі қамтуды қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың басынан бастап 670 орындық 4 мемлекеттік балабақша салынып, пайдалануға берілді, оның ішінде «Bi group» АҚ жеке инвесторын тарту арқылы 150 орындық 1 балабақша ашылды. 2020 жылдың соңына дейін Бостандық ауданында №21 гимназия аумағында 120 орындық балабақша ашылады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру аясында 520 орындық тағы 3 балабақшаның құрылысы басталды.
Сонымен қатар, 2020 жылы жоспарланған 2 820 орындық 76 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымның ішінен 1 278 орындық 46 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылды. Карантин шаралары аясында 2020 жылдың 1 маусымынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда 653 балабақшада 34 мыңнан астам баланы қамтитын 2 833 кезекші топтар жұмыс істейді. Алматы қаласында 270 орта білім беру ұйымы бар, оларда 287 878 оқушы оқиды. Жаңа оқу жылы қарсаңында 22 мыңға жуық әлеуметтік осал отбасылардан шыққан оқушыларға жалпы білім беру қорынан киімдер мен оқу құралдарын сатып алу үшін 30 мың теңге берілді.
Қашықтан оқыту форматына көшу бойынша ұйымдастырылған жұмыс аясында 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 80 мың дана компьютерлік техника сатып алынды, 30 мың оқушыға Интернетке қосылу үшін SIM карталар берілді. Қазіргі уақытта 137 жалпы білім беретін мектептерде 1-4 сыныптардың 12 159 оқушысын қамтитын 946 кезекші сынып жұмыс істейді. Барлық орта білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық режим қамтамасыз етілген.
Қалада қашықтан оқытудың тиімділігін арттыру үшін ақпараттық қауіпсіздік, Интернетті тегін пайдалану және басқа мүмкіндіктерді қарастыратын «Сфера» білім беру платформасы жасалды. Осы платформа арқылы күн сайын 2500-ден астам сабақ өтеді.
Қалада білім беру ұйымдарындағы оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін арнайы жасалған 2022 жылға дейінгі білім беру объектілерін жеделдетіп салу бағдарламасын кезең-кезеңімен іске асыру жалғасуда. 2020 жылы Әуезов және Түрксіб аудандарында 1 800 орындық 2 мемлекеттік мектептің, 2 017 орынға арналған қолданыстағы мектептерге 5 қосымша ғимараттың құрылысы аяқталды, 1925 орынға тағы 4 қосымша ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. 1390 орындық 2 жекеменшік мектеп пайдалануға берілді. 2020 жылдың соңына дейін 850 орындық 2 жекеменшік мектеп ашылады.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 13 200 орындық 9 мектеп және қолданыстағы мектептерге 6 550 орындық 13 қосымша ғимараттың құрылысы басталады.
Қаладағы қосымша білім берудің сапасын арттыру мақсатында биыл №5 балалар музыка мектебінің жаңа ғимаратын салу жұмыстары аяқталып, 2021 жылдан бастап қолданыстағы Оқушылар сарайын және тағы 10 мектептен тыс мекемені жаңғырту жоспарлануда. 2021 жылы Алатау және Наурызбай аудандарында 2 көпсаласы инновациялық шығармашылық Орталықтарының (Оқушылар сарайларының) салынуы басталады. Қалада 83 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жұмыс істейді, оларда 66 мыңнан астам студент оқиды.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы 32 мыңнан астам студентті қамтитын 45 колледжде орналастырылған. Ағымдағы оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысының қабылдау жоспары 8 719 орынды құрады. 2020-2021 оқу жылына арналған «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы негізінде 28 мамандық пен еңбек нарығында сұранысқа ие 63 жұмысшы біліктілігі бойынша 20 мемлекеттік және 7 жекеменшік колледж үшін 2 500 орын бөлінді. Осы бағдарлама бойынша білім алушылар бір реттік ыстық тамақпен, шәкіртақымен, жол жүру ақысымен (жылына 2 рет 2 АЕК-тен) қамтамасыз етіледі. 2019 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан және жұмыспен қамтылған колледж түлектерінің үлесі 98,4% құрайды. 2020 жылы «Жас маман» республикалық жобасы аясында 8 колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға республикалық бюджеттен 2,5 млрд теңге және қосымша жергілікті бюджеттен 129,3 млн теңге бөлінді.
Алматы қаласында мұғалімдер қауымдастығына қолдау көрсету бағытында жүйелі түрде жұмыс жұргізілуде. Осы жылы білім беру ұйымдарында 32 мыңнан астам мұғалімдер жұмыс істейді, олардың 500-ден астамы жас мамандар болып табылады. Жыл сайын қаланың білім беру ұйымдарында еңбек жолын алғаш бастаған жас мұғалімдерге біржолғы материалдық көмек төлеу жүргізіледі. Алматы қаласында «Алматы жастары 3.0» жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске асырылады және оның аясында қазіргі таңда 187 жас мұғалім баспанамен қамтылды.
Сонымен қатар, білім саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында 2020 жылы алғашқы рет «Алматының жыл мұғалімі» және «Алматы қаласы әкімінің арнайы гранты» қалалық байқаулардың қорытындысы шығарылып, жеңімпаз мұғалімдерге бағалы сыйлықтар мен ақшалай гранттар берілді.