
Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 994 кредиттік және жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, бұл жалпы құны 66,5 млрд теңге болатын 290 мың м2 баспана. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан 211 адам, жұмыс істейтін 350 жас, 267 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ 4 166 пәтерге (250 мың м2) несиелік тұрғын үй салу қарастырылған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4 есе өсті. Бүгінде Алматыда тұрғын үйге мұқтаждар есебінде 26 070 азамат тұр.
Оның ішінде 10 мыңға жуығы — бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және 15 мыңнан астамы — халықтың әлеуметтік осал топтары (ҰОС – 4, көп балалы отбасылар – 2210, толық емес отбасылар – 7475, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар – 1223, мүгедектер – 2371, жетім балалар – 1691).
Жыл басынан бері 1 529 мұқтаж отбасы баспанамен қамтылды, оның ішінде: «Нұрлы жер» республикалық бағдарламасы аясында қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар арасында 265 пәтер бөлінді.
Санаттарға бөлу:
ҰОС – 4, жетім балалар – 29, көп балалы отбасылар – 122, мүгедектер – 1-2 топ. – 26, толық емес отбасылар – 51, жасы бойынша зейнеткерлер – 14, ҰОС теңестірілгендер – 14, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар – 5.
«ҚТҚЖБ желісі бойынша несиелік тұрғын үй» республикалық бағдарламасы аясында 360 пәтер жоспарланған.
2020 жылдың 12 қазанында 244 отбасы қоныстанды.
«Бақытты отбасы» республикалық бағдарламасы шеңберінде кредит беру лимиттері ҚР ИИДМ бойынша өңірлерге бөлінеді.
Алматы қаласына 3,7 млрд теңге сомасына 376 қарыз бөлінді, оның ішінде:
188 – көп балалы отбасылар үшін, 188 – толық емес отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін.
2020 жылғы 12 қазанда 279 кредиттік қарыз берілді (көп балалы – 136, толық емес – 115, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы – 28).
«Алматы Жастары 3.0» қалалық жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы бойынша 2020 жылдың 12 қазанында 741 несие берілді (білім беру саласында – 215, денсаулық сақтау саласында – 253, ЖОО және ҒЗИ саласында – 99, мәдениет саласында – 71, БАҚ саласында – 62, әлеуметтік салада – 21, спорт саласында – 20).
Өтінім беруден бастап тұрғын үй алуға дейінгі бүкіл процесс e-Gov порталы арқылы электрондық форматта және ашық қолжетімділіктегі тиісті интернет ресурстар арқылы жүргізіледі.
2020 жылдың соңына дейін тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда: жұмыс істейтін жастар – 350 пәтер. халықтың әлеуметтік осал топтары – 293 пәтер. көпбалалы отбасылар – 325 пәтер.
«Бақытты отбасы» республикалық бағдарламасы бойынша — жыл қорытындысы бойынша 1 000 пәтер.
«Алматы Жастары 3.0» жеңілдікпен несиелендірудің қалалық бағдарламасы бойынша несиелік тұрғын үй — жыл қорытындысы бойынша 1 000 пәтер.
«7-20-25» және «Баспана хит» бағдарламалары бойынша жүзеге асыру «Қазақстан Ұлттық Банкі» РММ-не жүктелген.