
Алматы инвестиция тарту нүктесі ретінде қаланың позициясын нығайтуда
2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында инвестиция көлемі 608,2 млрд теңгені құрады. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 4,5 трлн теңге болатын 114 инвестициялық жобадан тұратын пул құрылды, оның ішінде 16 099 жұмыс орнын құрумен, 1,3 трлн теңге сомасына 76 іске асырылатын жоба бар. 3 691 жұмыс орнын құрумен 3,2 трлн теңге сомасына 38 жоба пысықталуда. 2020 жылы 94,6 млрд теңге сомасына 27 жоба пайдалануға беріледі. Қалған жобалар бойынша жоспарланған инвестициялар көлемі 217,7 млрд теңгені құрайды.
Жалпы, жобаларды іске асыру барысында осы жылы 6 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған. 2021-2024 жылдарға 4,2 трлн теңге сомасына, 13 790 жұмыс орнын құрумен 87 жобаны іске асыру көзделген. Инвесторларға жәрдем көрсету мақсатында «Инвестициялар үйінде» кең қолдау құралдары ұсынылады. «Бір терезе» қағидаты бойынша сервистік қолдау, серіктестерді іздеу және инвестициялық келісімшарттарды қолдау шаралары көрсетіледі.
Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту, әлеуетті инвесторлардың жаңа жобаларды іске асыруға мүдделілігін арттыру үшін Алматы қаласында мынадай бағыттарда жұмыс жүргізілуде: кәсіпкерлікті қаржыландыру және «Almaty Finance» қаржы институттарын және Алматы ХҚҰ құру арқылы қолданыстағы республикалық бағдарламалар бойынша ШОБ-қа кредит беруді ұлғайту тетіктері кеңейтілді, онда кәсіпкерлік субъектілері жылдық 2% және 6% мөлшерлемемен 500 млн теңгеге дейін қаржыландырылады.
Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары және «Almaty Business» өңірлік бағдарламасы бойынша салалардың кең спектрі қалыптасуда. Сондай-ақ Qolday кәсіпкерлікті қолдау орталығы құрылды, онда бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтердің 253 түрі және инвестициялық жобаларды толық сүйемелдеу жұмыстары көрсетіледі.
Бұдан өзге Almaty Invest ұйымы зәкірлік жобаларды іске асыруға инвестициялар тартудың, қала аумағында ірі және орта инвестициялық жобаларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасаудың негізгі драйвері болып табылады. Almaty Invest инвесторлармен жобаны анықтаудан, оны буып-түю мен таргеттеуден бастап жобаны коммерциялық іске қосуға және инвестициядан кейінгі сүйемелдеуге дейінгі жұмыстарды ұйымдастырады.
Бұдан өзге 2019 жылғы 27 қарашада «Almaty Investment Forum-2019» инвестициялық және инновациялық форумы өтті, оған беделді саясаткерлерді, халықаралық және қазақстандық бизнес-көшбасшыларды, инвестициялық корпорациялардың, қаржы институттарының және халықаралық ұйымдардың басшыларын қоса алғанда, 20 елден 500-ден астам делегат қатысты.
Форум барысында $2,3 млрд астам сомаға 30 меморандумға қол қойылды, кемінде 3 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Жалпы, қабылданып жатқан шаралардың арқасында 2019 жылы Алматы қаласына 8,3% өсіммен 821 млрд теңге инвестиция тартылды, оның негізгі үлесі кәсіпорындардың меншікті қаражатынан — 75,5%, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан — 14,8%, қарыз қаражаты — 9,7%. 2020 жылға арналған жоспар 900 млрд теңгені құрайды.
Бұл ретте 2020 жылдың 8 айында негізгі инвестиция көлемі 10,1% өсіммен 518,5 млрд теңгені құрады.