
Жыл соңына дейін Алматыда 10 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорынды іске қосу жоспарланған
2020 жылдың 9 айында Алматы қаласында өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 3,2%-ға өсіп, 712,2 млрд теңгені құрады. Өнеркәсіп өндірісінің ұлғаюына НКИ 103,1% құраған өңдеу өнеркәсібі әсер етті. 2020 жылы 3 зауыт іске қосылды және жыл соңына дейін шамамен 100 млн теңге өсімді қамтамасыз ететін 10 жаңа кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда, бұл шамамен 100 млн теңгенің өсімін қамтамасыз етеді.
Осындай зауыттардың бірін «Астана Моторс» компаниясы Алматы қаласының индустриялық аймағының аумағында салған. Зауыт әлемдік автомобиль жасаудың заманауи технологиялары мен экологиялық стандарттар талаптарын ескере отырып салынған. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы бірінші кезеңде жылына 30 мың бірлікті, екінші кезеңде жылына 45 мың бірлікке дейін құрайды.
Инвестициялардың жалпы көлемі 28 млрд теңгеден асады. Шектес салаларды ескере отырып, 1000-нан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Жоба ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қолдауымен жүзеге асырылды. Алдағы уақытта автокомпоненттер шығаратын зауыт ашу көзделген, бұл 51%-дан астам жергіліктендіруді қамтамасыз етуге және ТМД елдеріне экспортқа шығуға мүмкіндік береді.
Қала бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндірумен 1 500-ден астам кәсіпорын айналысады. Өнеркәсіпте 81 708 адам, өңдеу өнеркәсібінде 61 848 адам жұмыс істейді. Жеңіл өнеркәсіпте 2020 жылы 7,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді, НКИ 2 есеге артты. Жеңіл өнеркәсіп саласындағы ең ірі кәсіпорындар «КазЛегПром» ЖШС, «Семирамида» ЖШС, «Жетісу» АҚ, «Angelcher» ЖШС болып табылады.