Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының 9 айындағы қорытындысы

Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-ұимыл кезеңі» атты Жолдауында әкімдіктердің жұмысында мемлекеттік қызметті үдемелі цифрландыру, шығыстарды оңтайландыру, сондай-ақ эпидемиологиялық дағдарыстар мен басқа да төтенше жағдайларға дайындықты арттыру жөніндегі міндеттерді шешуге баса назар аударылған. Аталған тапсырмалардың республиканың оңтүстік астанасы — Алматы қаласында қалай іске асырылып жатқаны, сондай-ақ мегаполистің 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы шолудан оқыңыздар.  Алматы қаласының 2020 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы түрлі бағыттағы динамиканы көрсетеді.

Мәселен, 6 негізгі саланың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) даму серпінін қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 89,7% құрады, бұл осы жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейден 0,5%-ға жоғары. Бұл динамика сауда, көлік және логистиканың өткен жылғы кезеңімен салыстырғанда 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте құлдырауына байланысты орын алды.

Сонымен қатар (қаңтар-қыркүйекте) байланыс қызметтері 8%-ға, құрылыс 6,9%-ға, өнеркәсіп 3,2%-ға өсті. Мемлекеттік бюджетке 1 526 млрд теңге салық түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға артық. 2020 жылдың қыркүйегінде инфляция 104,8% құрады. Инвестиция өсімі 12,5%-ға қамтамасыз етілді.

Шынымен де, іскерлік белсенділік әлі де төмен. Мәселен, тамыз айында Алматы қаласы бойынша іскерлік белсенділік индексі 46,7% құрады, бұл ретте осы көрсеткіш 50%-дан асқан кезде жоғары белсенділік деңгейі деп саналады. 

Іскерлік белсенділікті арттыру үшін мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды белсенді түрде іске асыру арқылы жүйелі шаралар қабылдануда. БЖК аясында биыл 5 мыңнан астам жұмыс орнын сақтай отырып, 9,3 млрд теңге қарастырылған. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 95,2 млрд теңгенің 56 жобасы қаржыландырылып, мақұлданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктерде 28,3 млрд теңге сомасына 12 жоба қаралуда, 37,8 млрд теңге сомасына тағы 27 жоба пысықталу сатысында. Осы жылы ЕДБ-мен өзара іс-қимылдың тиімді жүйесінің құрылуы есебінен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бизнеске жеңілдікпен кредит беру көлемі айтарлықтай ұлғайды.

Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 327 млрд теңгеге дейін жеткізу және Алматының ЖӨӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін қол жеткізілген деңгейде (40%) сақтау міндетін қойылып отыр. «Almaty Business-2025» өңірлік бағдарламасы аясында шағын өнеркәсіптік парктер құру бағдарламасы іске асырылуда. Мәселен, тоқтап тұрған өндірістік үй-жайлар базасында жыл басынан бері 4 өнеркәсіптік парк ашылды.  

Дата публикации
16 октября 2020
Дата обновления
15 октября 2020
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы