
Жыл басынан бері азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған 187 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексерулер нәтижесі бойынша 196 заң бұзушылық анықталып, 100 нұсқама берілді. Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 93 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды, оның ішінде жалақыны уақытында төлемегені үшін 70 заңды тұлғаға 17 млн. теңгеге айыппұл салынды.
Банкротқа ұшыраған 7 мекемеде 33 жұмысшы алдында жалақы бойынша берешегі 83 млн.теңгені құрайды. Ағымдағы және мерзімі өткен берешектер жоқ.
101 кәсіпорында 128,8 млн. теңгеге жалақы бойынша берешек өтелді, 1 222 жұмысшының еңбек құқықтары қорғалды.
67 өндірістік жазатайым оқиға тіркелініп (зардап шеккендер – 71), нәтижесінде 35 адам жеңіл, 29 адам ауыр дәрежедегі дене жарақаттарын алды, 7 адам қазаға ұшырады.
Қала кәсіпорындарында жасалған 26 993 ұжымдық шарттарға мониторинг және тіркеу жасалды.