
1) көші – қон заңнамасын түсіндіру мәселелері бойынша 1 691 этникалық қазақ өтініш білдірді, 655 адамға оралман мәртебесі берілді, шетелде тұратын этникалық қазақтар арасынан туыстарын ҚР-ға көшіру үшін шақырулар берілді – 43 (ҚР азаматтарынан 18 өтініш).
Келген оралмандардың шығу елдері: ҚХР – 492 адам, Өзбекстан – 76 адам, Қырғызстан – 9 адам, Моңғолия – 36 адам, Ауғанстан – 4 адам, Түрікменстан – 4 адам, Түркия – 2 адам, , Ресей – 1 адам.
2) шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тарту үшін 1 897 бірлік мөлшерінде квота бөлінді (I санат – 304, II санат-884, III санат-660, IV санат-49). Барлығы 826 рұқсат берілді (I санат – 102, II санат – 420, III санат – 293, IV санат – 11). ШЖК тартатын жұмыс берушілерден қала бюджетіне 363 млн. теңге мөлшеріндегі салық алымы төленді. ШЖК нәтижесінің негізгі елдері Қытай – 44%, Украина – 13%, Түркия – 9%,Үндістан – 5% болып табылады.