Лого

Меню

Страницы

Статья

Халықты жұмыспен қамту

Статистика деректері бойынша қалада 2020 жылғы 2 тоқсанда жұмыс күшінің саны 1 013,1 мың адамды құрады, бұл 2019 жылға қарағанда 27,5 мың адамға артық, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық – 959 мың адам (өсім 23,8 мың адамға).

Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 79,8 мың адам, олардың жұмыспен қамтылған халық санынан үлесі 8,3% - ды құрады.

Жұмыссыздар саны 54 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі 5,3%.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру жалғасуда, ол 4 бағыт бойынша іске асырылады.

Бірінші бағыт шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) өмірлік қиын жағдайда жүрген 9-11 сыныптардың 2500 түлегін және аз қамтылған отбасы мүшелерін, сондай-ақ азаматтардың өзге де санаттарын қамту жоспарланған. 4 371 млн. теңге бөлінді. 2017 жылдан бастап 8 386 адам оқуын жалғастыруда (462 адам оқудан шығарылды, 1 358 адам оқуын аяқтады, 907 адам жұмысқа орналастырылды). 3 513,2 млн.теңге игерілді.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша жоспар 1000 адамды құрайды, 209,6 млн. теңге бөлінді. Өңірлік комиссия 20 оқу орталығының, 25 мамандықтың тізбесін бекітті. Барлығы 1 005 адам жіберілді, 106,4 млн. теңге игерілді (а.ж. ауыспалы – 657 адам аяқтады).

Екінші бағыт шеңберінде бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын жұмыссыздарға және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға микрокредит беріледі. Шағын несиелеуге (ауыспалы қаражатты есепке ала отырып) – 2 002,6 млн.теңге, шағын несиелерге кепілдік беруге – 101,3 млн. теңге бөлінді, ағымдағы жылы 510 млн. теңгеге 33 жоба қаржыландырылды, 56 млн. теңгеге 4 жоба мақұлданды, ЕДБ қарауында 28 млн. теңгеге 2 жоба бар, кепілдік беру бойынша 118,8 млн. теңгеге 13 жоба мақұлданды. 206 адамға – ХЖҚО жолдама берілді.

200 АЕК-ке дейін 1 705 өтеусіз грант берілді, 947,3 млн. теңгеге (100%).

Үшінші бағытта жүгінген азаматтарға мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:

  • әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, мамандық таңдауға көмек, оқу және жұмысқа орналасу бойынша кеңестер;
  • лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
  • әлеуметтік жұмыс орындарын құру;
  • жастар тәжірибесін ұйымдастыру;
  • қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.

Жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу және еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау мақсатында Еңбек министрлігімен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 2020 жылға арналған кешенді жоспары бекітілді, онда 53,9 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсетуді көздейді.

Барлығы 45 226 адам қамтылды, (84%) оның ішінде:

– тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылғаны – 15 497 адам,

– «Жұмыспен қамту» ЖК жұмысқа орналастырылғандар – 9 304 адам;

– уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандар –17 715 адам, оның ішінде:

  • әлеуметтік жұмыс орындары – 1 158 адам;
  • жастар тәжірибесі – 1 337 адам;
  • қоғамдық жұмыс – 15220 адам.

– қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – 1 005 адам;

– 200 АЕК дейін гранттар – 1 705 адамға берілді.

Төртінші бағыт «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыруды көздейді:

- «100/200» қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлау;

-«Жас кәсіпкер»жобасы аясында жастар кәсіпкерлігін дамыту.

01.10.2020 ж. Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін 66 716 адам жүгінді, оның ішінде жұмыссыз ретінде 29 065 адам тіркелді. Ай соңында есепте тұрғандар 35 554 адам, оның ішінде жұмыссыздар санынан – 25 665 адам.

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі қыркүйек айының соңында – 2,5%.

Ағымдағы жылы 48 282 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның ішінде 28 мыңы - тұрақты. 01.10.2020 ж. 56 223 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілері – 24 324, сондай-ақ «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары бойынша – 17 715, Өңірлерді дамыту – 824, «БЖК – 2020» бағдарламасы – 3 519, ЖҚЖК бағдарламасы – 9 257, «Нұрлы жер» бағдарламасы – 345, Білім және ғылымды дамыту – 70, ИИДМБ – 169.

Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру аясында жұмыс түрі және нысандар бойынша 26 жаңа жұмыс орнын ашумен 226 инфрақұрылымдық жобалар көзделген, онда 50% жұмысшылар Халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жалданады. 103,9 млрд. теңге бөлінді.

Барлығы ЖҚЖК бойынша 18,9 мың жаңа жұмыс орны құрылды (жоспардан 72,8%), Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 9,3 мың адам жұмысқа орналасты (73,2%). Жұмысшылардың орташа жалақысы 92 мың теңге. Жұмысқа орналасқан жастардың үлесі 38%.

Жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне (2 агенттіктің деректері бойынша) еңбек делдалдығы үшін жүгінген азаматтардың саны 2 570 адамды құрады, оның ішінде 16 адам жұмысқа орналастырылды.

Толық емес жұмыспен қамту және қызметкерлерді босату жағдайы тұрақты бақылауда. Ағымдағы жылғы 9 айда қызметкерлер саны 165,9 мың адамнан тұратын 621 кәсіпорынға сауалнама жүргізілді. Сұралған кәсіпорындарда қабылданған қызметкерлер саны 16,1 мың адамды, жұмыстан босатылған қызметкерлер (өз еркімен) – 18 мың адамды құрады, оның ішінде штат санының қысқаруы немесе кәсіпорынның таратылуы себебінен 108 кәсіпорында 754 адам босатылды.

Өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты 3 924 адам жалақысы сақталмайтын мәжбүрлі демалыстарда. Толық емес жұмыс уақыты режимінде 2 944 адам жұмыспен қамтылған, ҚР ЕК сәйкес ақы төлеу арқылы бос тұрып қалуына байланысты уақытша жұмыспен қамтылмаған – 2 945 адам, өндірісті ішінара тоқтату – 681 адам. Алдағы айда 11 кәсіпорында 82 адам босатылады деп болжануда.

2017-2025 жылдарға жұмыс күшінің басқарылатын ағыны бойынша 250 адамнан астам қызметкерлері бар қаланың ірі кәсіпорындарымен жол карталарын жасау бойынша жұмыс жалғастырылды, бұл жұмыс орындарын қысқартуға емес, сақтауға мүмкіндік береді. Есепті кезеңде 206 жол картасы жасалды (90%).

Әлеуметтік мәртебені анықтау бойынша жүргізілген жұмыс шеңберінде әлеуметтік мәртебесі жоқ азаматтардың саны 470 мыңнан (2017 жылғы сәуір) 15,3 мың адамға дейін төмендеді, мемлекеттік органдар
454,7 мың адамның немесе 96,7% мәртебесін растады. 2019 жылдан бастап «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасына 12 692 адам тартылды
(тұрақты жұмыс орындары – 6 272 адам, уақытша – 5 246 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – 1 100 адам, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау – 30 адам, Бастау Бизнес – 44 адам).

Бейресми жұмыспен қамтылған халықпен мәселені шешу үшін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді, ол салық есептілігін ұсынуды талап етпейді. БЖТ төлеуші барлығы - 31 264 адам болды, 408 267 төлем жүргізілді.

Жыл басынан бері 2 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, оған 85 жұмыс беруші қатысты, 575 бос жұмыс орны ұсынылды. 555 адам өтініш білдірді, 41 адамға жұмысқа жолдама берілді.

Халықтың осал топтарын әлеуметтік қорғау мақсатында Алматы қаласы бойынша әлеуметтік әл-ауқат басқармасы мен ҚАЖ Департаменті 2020 жылға арналған Алматы қаласы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға, әлеуметтік көмек көрсетуге және басқа да бейімдеу шараларына жәрдемдесу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті. Халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаға сәйкес ЛА-155/6, ЛА-155/1, ЛА-155/13, ЛА-155/18 мекемелерінде еңбек заңнамасы, босату кезінде жұмысқа орналасу кепілдіктері және әлеуметтік қорғау түрлері мәселелері бойынша семинарлар өткізу жоспарланды. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты семинарларды өткізу тоқтатылды.

Жұмыс орындарын сақтауды көздейтін, жасалған меморандумдар туралы аудан әкімдіктерінен мәліметтер жинау бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта қала кәсіпорындарымен 406 197 қызметкер үшін жұмыс орындарын сақтай отырып, 38 412 меморандумға қол қойылды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Дата публикации
01 октября 2020
Дата обновления
01 октября 2020
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы