
«Бақытты отбасы» орталығының қызметін жүзеге асыру үшін 202 млн. теңге бөлінді. Алматы қаласында «бір терезе» қағидасы бойынша күнкөрісі төмен отбасыларға арнайы қызметтерді көрсетуге бағытталған «Бақытты отбасы» қалалық және 8 аудандық орталықтар жұмыс істейді.
Қалалық орталыққа 6 203 адам келді, 3 271 бала әлеуметтік педагог қызметін алды. Курстарда – 3 599 ана, 2 043 бала оқиды. «Бақытты отбасы» орталығының базалық тренингтерінен – 566 өтті. Заңгер қызметін – 163 адам, әлеуметтік жұмысшы қызметін – 2 022 адам, медициналық қызметші – 378 адам, психолог қызметін – 239 адам алды.
Аудандық орталықтарда ақпараттық және кеңестік және ресурстық қолдау – 43,2 мың адамға, әдістемелік және құқықтық көмек – 19,4 мың адамға көрсетілді, ана мен балаға арналған салауатты өмір кабинеті – 4,3 мың адам, базалық тренингтерден 18,1 мың адам, оқыту курстардан – 24,1 мың адам өтті.
Төтенше жағдай жариялануына байланысты, орталықтар қашықтықтан қызмет көрсетуге ауыстырылды. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылар заңгердің, психологтың, қызметтерін онлайн және телефон арқылы алады. Сондай-ақ, аналар және балалар үшін оқылатын мастер-класстар WhatsApp мессенжерлері арқылы және Instagram әлеуметтік желісі арқылы жүргізіледі.
1 маусымнан бастап Алатау ауданының аз қамтылған отбасыларына арналған дәстүрлі қолөнерді дамыту орталығы жұмыс істейді, 10,6 млн.теңге бөлінді. Орталықтың мақсаты ұрпақтардың сабақтастығы, аз қамтылған отбасы мүшелеріне аналған дәстүрлі қолөнерді дамыту бойынша қызмет көрсету.
Орталықта ақпарттық-кеңестік қолдау – 7,6 мың адам, психолог қызметін – 974 адам, заңгер қызметін – 3,3 мың адам, әлеуметтік қызметші – 2,6 мың адам, алды. Дәстүрлі қолөнер, киімдер дизайны, әрлеу және маникюр бойынша – 448 адам оқуда, білім беру және шығармашылық үйірмелерге – 1 165 бала барады.