
МЖТО мәліметтеріне сәйкес зейнеткерлер саны – 229 640 адамды құрайды.
Ағымдағы жылы «Белсенді ұзақ өмір» ЖК іске асыру жұмыстары жалғасуда, осы мақсатқа бюджеттен 245,4 млн.теңге бөлінді.
Алматы қаласында 9 Белсенді ұзақ өмір орталығы (бұдан әрі - БҰӨО) жұмыс істейді. Орталықтарда 15 286 адам тіркелген, 582,2 мың адам қызметтермен қамтылған.
Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты БҰӨО қашықтықтан қызмет көрсетуге ауысты. Зейнеткерлер гериотар, психолог, медбикелер онлайн немесе телефон арқылы қызметтер ала алады. Скандинавиялық жүру, шахмет, би курстары WhatsApp мессенжеры арқылы жүргізілуде. Онлайн қызметтерді барлығы – 6 343 зейнеткер алды.
Зейнеткерлерге санаторлық-курорттық емдеу бойынша әлеуметтік көмек 3 495 адамға 321,2 млн теңге бөлінді.
Натуралды түрде (жолдама түрінде) санаторлық-курорттық емдеу 1 383 зейнеткерге 129,8 млн. теңгені құрайтын, санаторлық-курорттық емдеу шығындарын өтеуге 8 адамға 0,7 млн. тенгені құрайтын әлеуметтік көмек көрсетілді.