Лого

Меню

Страницы

Статья

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау

МЖТО мәліметтері бойынша Алматы қаласы бойынша мүгедектердің саны 54 309 адам.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды оңалту бойынша шаралар «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңдары, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Стандарттары шеңберінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету Ережесіне сәйкес мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасына сәйкес тегін хирургиялық және гигиеналық құралдар, мүгедектер арбасы, протездік-ортопедиялық көмек, санаторлық-курорттық емдеу, жеке көмекші қызметтері, «инватакси , ымдау тілі маманымен қамтамасыз етіледі.

Осы мақсаттарға 2020 жылы 4 576 млн.теңге бөлінді, (РБ – 1 215,3 млн. теңге, ЖБ – 3 360,7 млн. теңге).

Жыл басынан «Инватакси» тасымалдау қызметтері бойынша
156,2 млн.теңге сомасына 30 машинамен, «Оңай» терминалдарын ай сайынғы қызмет көрсету 3,1 млн теңге жұмсалады.

3 253 адам 421,4 млн. теңге сомасына міндетті гигиеналық құралдармен, 212,7 млн. теңге сомасына 840 адам кресло-арбалармен, 5,5 млн. теңге сомасына 890 адам қозғалу құралдарымен, 41,9 млн. теңге сомасына 342 адам сурдотехникалық құралдармен, 273,9 млн. теңге сомасына 2 442 адам протездеу және ортездеу қызметімен қамтамасыз етілді. Жеке көмекшінің қызметімен 1 024,4 млн.теңге сомасына 2 729 адам, ымдау тілі маманының қызметімен 144,4 млн. теңге сомасына 400 адам қамтамасыз етілді. Кохлеарлық имплантқа сөйлеу процессорын баптау және ауыстыру бойынша қызметтер 21 мүгедек адамға 100,1 млн. теңгеге көрсетілді.

Санаторлық-курорттық емдеумен 206,5 млн. теңге сомасына 1 905 адам қамтамасыз етілді.

«Ten Qogam» мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру орталығы» әлеуметтік жобасын іске асырылуда, 49,3 млн. теңгеге 100 адамды қамту жоспарлануда. Жобаның мақсаты – мүгедек адамдарға өз әлеуетін іздеу және жұмысқа орналастыру және іске асыру мақсатында біліктілік алуға, білім мен дағды алуға көмектесу. Джоб-коучинг функциясы мүгедектерді іздеу және жұмысқа орналасудың бастапқы кезеңінде сүйемелдеуге мүмкіндік береді.

Мүгедектерге өз құқықтарын іске асыру бойынша тең мүмкіндіктер беру мақсатында мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымға қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде, ол объектілерді паспорттауды және бейімдеуді қамтиды. Ағымдағы жылы 392 нысан паспорттаудан өткізу, 275 нысан бейімдеу жоспарлануда. 227 нысан паспорттаудан өтті, 159 нысан бейімделді.

Дата публикации
01 октября 2020
Дата обновления
01 октября 2020
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы