Лого

Меню

Страницы

Статья

Мұқтаж азаматтарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету

2020 жылдың 1 қазанына арнайы әлеуметтік қызмет (АӘҚ) 6 744 адамға көрсетілді, кезекте 203 адам тұр, оның ішінде «Демеу» (№1) АӘҚ көрсету орталығына – 153, «Шапағат» АӘҚ көрсету орталығында (психоневрологиялық ауыру бар мүгедек-балаларға арналған күндізгі болу орталығы) – 32, үкіметтік емес ұйымдарда – 18 адам.

Стационар жағдайында АӘҚ мүгедектер, соның ішінде мүгедек балалар, қарт адамдар мен өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға медициналық-әлеуметтік мекемелерде көрсетіледі.

«Шаңырақ» (№3) Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 309 адам, «Демеу» (№1) Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында - 689 адам, «Сенім» (№2) Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында - 129 адам тұрды. «Қамқор» Әлеуметтік тұрғын үйде 53 адам тұрады.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлар арқылы жартылай стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет 1011 адамға көрсетілді.

АӘҚ мемлекеттік сектормен жартылай стационар жағдайында 345 адамға көрсетілді, солардың ішінде, «Шапағат» АӘҚ көрсету орталығында (Психоневрологиялық аутқулары бар мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталығында) – 61 адам, Түрксіб, Бостандық және Наурызбай аудандарының бөлімшелерінде – 153 адам, «Аяла» және «Парасат» АӘҚ көрсету орталықтарында (Алмалы және Әуезов аудандық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталықтары) – 131 бала.

Үй жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтермен 6 аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің 12 әлеуметтік көмек бөлімшелерінде және «Аяла» және «Парасат»  орталықтарында 981 мүгедек бала қамтылған, оның ішінде 140 адам - 18 жастан асқан тұлғалар.

Сонымен қатар, қалалық аудандық әкімдігі аппараты жанындағы жалғыз басты мүгедектер мен қарттарға үй жағдайында әлеуметтік көмек көрсетудің 29 бөлімшесінде 2 806 жалғыз басты мүгедектер мен зейнеткерлерге қызмет көрсетіледі.

Уақытша болу жағдайындағы АӘҚ 180 койка-орынға есептелінген «Пана» әлеуметтік бейімдеу Орталығында (Алматы қалалық бейімдеу орталығы) 432 адам алды.

Мемлекеттік емес сектормен АӘҚ 792 адамға көрсетілді, оның ішінде:

стационар жағдайында:

- тәуелсіз өмір сүру орталығы арқылы («Рух» ҚБ, «Психоаналитикалық қауымдастық» ҚБ) - 40 адам;

жартылай стационар жағдайында:

- 489 мүгедек-балалар мен 18 жастан асқан балаларға: «АРДИ» мүгедек балаладың ата-аналары қауымдастығы, «Мархабат» ҚҚ, «Мейірім» ҚҚ, «Амаль-Иман» ҚҚ, «Арман-Алматы» ҚҚ, «Кеңес» МҚБ және т.б. арқылы;

- «Алматы жас медиктері қауымдастығы» ҚБ (жоспар - 50 адам,
42,2 млн.теңге)
және «Ұлттық медициналық ассоциация» ҚБ (жоспар – 30 адам 25,3 млн.теңге) күндіз болу орталығы арқылы күретамыр қысымы көтерілуі танымдық бұзылулары бар (3 деңгейі және 3 қатер) 177 қарт адамға есін жаттықтыру және қалпына келтіру үшін қызмет көрсетілді.

  • ҚР Президентінің 2016 жылғы 08 желтоқсандағы № 387 «Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы» Жарлығын орындау мақсатында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 10 тұлғаға арнайы әлеуметтік қызметтер «Виктория» ҚҚ арқылы (жоспар – 10 адам, 5,9 млн.теңге) көрсетіледі.
  • тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған арнайы әлеуметтік қызметтер «Қазақстанның тең құқық және тең мүмкіндіктер институты» ҚҚ арқылы 69 алушыға қызмет көрсетілді (жоспар – 17 адамға 22,5 млн.теңге).
  • адам саудасының құрбандарына арналған арнайы әлеуметтік қызметтер «Арман АНК» ҚҚ арқылы 7 қызмет алушыға беріледі (жоспар – 6 адамға 10 млн.теңге).

«Кеңес» МҚ арқылы «Ерте араласу» жобасы жалғасуда (жоспар 150 адамға 24,2 млн.теңге) қызмет көрсетуге келісім шарт жасалды. Жоба даму ауытқулары бар балаларға және туа біткеннен бастап үш жылға дейін мүгедектік патологиясы мен әлеуметтік жетімдікке жол бермеу үшін қауіп-қатері бар балаларға кешенді қызмет көрсетуге бағытталған. Топтық және жеке сабақтар жүргізіледі, онлайн қызмет барлығы 47 балаға көрсетілді.

ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңын іске асыру және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерді шешу үшін
«Жан-Сая» Дағдарыс орталығында 261 адам қызмет алды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне және Алматы қаласы әкімдігіне көп балалы 199 ананың құжаттары жіберілді, оның ішінде жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелеген 77 адам «Алтын алқа»  төсбелгісімен марапатталды, алты бала туып, тәрбиелеген 122 анаға «Күміс алқа» төсбелгісі берілді.

Дата публикации
01 октября 2020
Дата обновления
01 октября 2020
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы