Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектерге және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік жәрдемақы төлеу қызметтері «Алматы – 2020» Даму бағдарламасы мен «Еңбек» 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.
Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету және жәрдемақы төлеу
- Жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Кедейлік шегі тоқсан сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде анықталады
(2020 жылғы 3 тоқсанда – 36 081 теңге, кедейшілік шегі – 25 257 теңге).
Атаулы әлеуметтік көмек төлеміне РБ-тен 4 586,2 млн. теңге жоспарланды.
Жыл басынан АӘК 5 124 отбасыға (25 310 адам) 1 983,9 млн. теңге төленді, оның ішінде:
Шартсыз ақшалай көмек – 1 385 отбасына (5 217 адам) 477,8 млн. теңге төленді, отбасының бір мүшесіне шаққандағы төлемнің орташа көлемі
11 448 теңгені құрады;
Шартты ақшалай көмек – 3 782 отбасына (20 276 адам) 1 506,1 млн. теңге төленді, отбасының бір мүшесіне шаққандағы төлемнің орташа көлемі
9 285 теңгені құрады.
2020 жылдан бастап АӘК алушылар балаларға арналған табиғи қолдауды қамтитын кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен (КӘП) қамтамасыз етіледі:
- мектепке дейінгі жастағы – балалар тағамы және гигиеналық керек-жарақтар;
- мектеп жасындағы – мектепте ыстық тамақ, мектеп киімін және керек-жарақтарын сатып алу, жолақы шығындарын өтеу.
Осы мақсаттарға РБ-тен 540,2 млн.теңге бөлінді.
01.10.2020 жылы 1 мен 6 жас аралығындағы 3 804 бала азық-түлік жиынтығымен 97,8 млн. теңгеге қамтылды. Кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету «Magnum Cash&Carry» дүкендер желісі арқылы жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылары жалғамаларды орнату және жеткізу бойынша қызметті төлеу арқылы қайтарымсыз телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз етіледі.
Аталған қызмет төлемі 2020 жылға жергілікті бюджеттен 100 адамға 0,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Көмек 64 адамға 0,6 млн. теңгеге көрсетілді.
- Аз қамтылған азаматтарға бекітілген нормативтер шегінде тұрғын үй коммуналдық шығындар төлемі отбасының жиынтық табысының
5% пайыздық үлесінен асқан жағдайда тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі төлеміне 2 500 адамға 77,9 млн. теңге бөлінді.
2020 жылдың 1 қазанына тұрғын үй көмегі 1560 отбасыға
30 млн. теңге төленді.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы
№504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысын және Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешімін орындау мақсатында келесі әлеуметтік көмек түрлері көрсетіледі:
1) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға жарты жылда бір рет
7 АЕК (19 446 теңге) мөлшерінде беріледі:
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, зейнет жасына толған зейнеткерлерге;
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;
- бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын бірінші топтағы мүгедектерге;
- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған, аталған санат бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғаларға көрсетіледі.
2020 жылға осы мақсаттарға 8 460 адамға 309,5 млн. теңге бөлінді, көмек 7 398 адамға төленді, 281,7 млн. теңге игерілді.
- жан басына шаққандағы орташа табысы 2 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтылған азаматтарға 20 АЕК мөлшерлі біржолғы әлеуметтік көмек (55 560 теңге).
2020 жылға 11 426 адамға 635,2 млн. теңге жоспарланған. Аталған көмек 4 989 адамға 266,9 млн. теңге төленді.
- өрт немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккендерге баспанасынан айырылғанда, бүлінгенде, елеулі зиян келгенде 200 АЕК (555 600 теңге), сондай-ақ қазалы жағдай орын алғанда отбасының қайтыс болған әр мүшесіне 50 АЕК (138 900 теңге) мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек. Аталған көмек төлеміне 38 адамға 19,9 млн. теңге бөлінді. Көмек 18 адамға 7,8 млн. теңге төленді.
- ыстық және (немесе) суық сумен, газбен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын төменде көрсетілген азаматтарға бір құрал үшін 3,4 АЕК мөлшерінен аспайтын көлемде көрсетіледі:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);
- бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;
- бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге;
- зейнет жасына толған зейнеткерлерге.
Осы мақсатқа 1100 адамға 9,8 млн.теңге қаражат бөлінді. Ағымдағы жылдың 1 қазанына аталған әлеуметтік көмекті 193 адамға 2,3 млн. теңгеге көрсетілді.
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) ай сайын
6,5 АЕК (18 057 теңге) мөлшеріндегі әлеуметтік көмек. Аталған көмекке
260 адамға 53 млн. теңге бөлінді. Аталған әлеуметтік көмек 205 адамға
28,9 млн. теңге төленді.
- Емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған азаматтарға ай сайынғы 12 АЕК (33 336 теңге) мөлшеріндегі әлеуметтік көмек. 2020 жылы осы көмек түріне 300 адамға 112,9 млн.теңге бөлінді, көмек 678 адамға 101,2 млн. теңге төленді.
7) жеке тұрғын үй иесіне жалпы басынан үйге дейін газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға 3 нүкте үшін 100% шығыны мөлшерінде:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);
- бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;
- құрамында бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері бар отбасыларына;
- мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасыларына;
- Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге көрсетіледі.
Аталған газ құбырын жалпы басынан үйге дейін орнату және жүргізу шығындарын өтеу біржолғы болып есептеледі және алған өтініш иесіне, отбасы мүшелеріне және онымен бірге тұрақты тұратын адамдарға қайта көрсетілмейді.
2020 жылы аталған көмек түрі төлеміне 100 адамға 21 млн. теңге бөлінді. 01.10.2020 жылы көмек 31 адамға 5,5 млн. теңгеге көрсетілді.
- жан басына шаққандағы отбасы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік деңгейінен аспайтын көп балалы отбасыдан шыққан ЖОО үздік студенттеріне 10 мың теңге ай сайынғы шәкіртақы түрінде әлеуметтік көмек төлемі жүргізіледі. 500 адамға 50 млн. теңге бөлінді. 01.10.2020 жылға көмек 7 адамға 140 мың теңге төленді.
- 2020 жылғы шілде айынан бастап әлеуметтік көмектің жаңа түрі енгізілді: ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ жұқтырған балаларға 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек (ҚР бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі – 65 336), 39 балаға 4,7 млн. теңгеге көмек көрсетілді.
10) Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне 18 303 адамға жалпы сомасы 1 307,6 млн. теңге қаражат бөлінді.
01.08.2020 жылға көмек төленді:
- ҰОС қатысушыларына, мүгедектеріне – 203 адамға 203 млн.теңге;
- ҰОС қатысушыларына, мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға – 3994 адамға 399,4 млн.теңге;
- еңбек майданының қатысушыларына – 14 117 адамға 705,9 млн. теңге
11) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысқандары үшін азаматтық, әкімшілік, тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғаларға, ҚР 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға 150 мың теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек қарастырылған. 350 адамға 52,5 млн. теңге қаражат бөлінген.
- Алматы қаласы мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы №82 «Қоршаудағы кезенінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және Ленинградты қорғағаны үшін медалімен әрі Қоршаудағы Ленинград тұрғыны белгісімен марапатталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы» шешіміне сәйкес қоршаудағы Ленинград тұрғындарына барып және қайтуға жолы өтеледі. 2020 жылға 140 мың теңге бөлінді, 2 адамға 144,6 мың теңге төленді.
- Алматы қаласы мәслихатының ХХIII сессиясының 2013 жылғы 19 желтоқсандағы 5 жиынында №196 «мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне сәйкес мүгедек баланы үйде оқыту шығындарын өтеуге тоқсан сайын 12 АЕК (33 336 теңге) төленеді.
800 адамға 75,3 млн. теңге бөлінді. 01.10.2020 жылы 736 адамға 41,7 млн. теңге төленді.