
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 626,5 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103% құрады.
Негізгі капиталға салынатын инвестиция 518,5 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,1%-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 190,2 млрд. теңгені құрады немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,3%-ды құрады.
2020 жылғы қаңтар – тамыз айларында 1 244 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ға өсті.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 13,7%-ға төмендеді және 2 053,7 млрд. теңгені құрады.
Көтерме тауар айналымы 6 042,2 млрд. теңгені құрады немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 85,7%.
Тұтыну бағасының индексі 2020 жылдың тамызында 2019 жылдың желтоқсанына 104,6%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 107,9%, азық-түлік емес тауарлары бойынша –104%, ақылы қызметтер бойынша –100,9% -ды құрады.