
Алматы қ. бағалар ахуалын болжау үшін ҚР ҰБ Алматы қалалық филиалы кейбір азық-түлік және азық түлік емес тауарлардың сауда орталықтары мен нарықтарда жүйелі ай сайынғы бағалар мониторингін жүргізеді.
Бағалар мониторингінің нәтижелері бойынша 2020 жылғы 1 - 16 қазан аралығында Алматы қ. мынадай ахуал орын алды.
|
Тауарлар (қызмет көрсетулер) тобы |
Есеп айында бағалар өзгерісі* |
Себептер |
|
|
1 |
Азық-түлік тауарлар |
+ |
Қияр, қызанақ, тауық еті, өсімдік май, түйінді пияз, қой еті, қырық қабат, сиыр еті, жылқы еті, сары май, картоп және қанттың бағалары жоғарлап кеткен. |
|
2 |
Азық-түлік емес тауарлар |
+ |
Дәрі-дәрмек, кір тазалағыш тауарлары және тұрмыстык техникасының бағалары өсіп кеткен. |
|
3 |
ЖЖО |
= |
ЖЖМ бағалары өзгермеген. |
|
4 |
Монополис-кәсіпорындарының көрсетілетін қызметтері |
= |
Тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету бағаларының жалпы индексі өзгермеген. |
* «+» - бағаның көтерілуі, «-» - бағаның төмендеуі, «=» - бейтарап әсер.
2020 жылғы қазан айында қалада мониторинг тізбесіне қосылған тізбесіне қосылған азық-түлік тауарлардың жалпы санға кірген бағалардың 60,0% жоғарлауы және 30,0% төмендеуі байқалды. 10,0% тауарлардың бағалары өзгерген жоқ.
Бағалары өскен заттар: қияр – 45,7 %-ға, қызанақ – 43,1%, тауық еті – 8,6%-ға, өсімдік май – 7,9%–ға, түйінді пияз – 3,7%-ға, қой еті – 1,7%-ға, қырық қабат – 1,5%-ға, сиыр еті – 1,1%-ға, жылқы еті – 0,9%-ға, сары май – 0,7%-ға, картоп – 0,6%-ға, қант – 0,2%-ға. Мына заттардың құны төмендеп кеткен: сүт – 8,4%-ға, жоғарғы сұрып ұн – 7,6%-ға, алма – 6,5%-ға, жұмыртқа - 1,9%-ға, сәбіз – 0,9%-ға, күріш – 0,1%-ға. Нан және қызылшаның бағалары өзгермеген.
Азық-түлік емес тауарлар бойынша дәрі-дәрмек – 13,7%-ға, кіртазалағыш тауарлар – 4,1%-ға және тұрмыстық техника – 1,3%-ға өсіп кеткен. Жеке тазалық тауарларының бағалары – 1,3%- ға төмендеген. Қалған тауарлардың бағалары өзгерген жоқ.
Жанар-жағармай материалдарының бағалары өзгерусіз қалды.
Ақылы қызмет көрсету секторында тұрғын үй-коммуналды қызмет көрсету тарифтері өзгерген жоқ.