
Ағымдағы жылдың 8 қазанында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы «Байсат» сауда үйінің кәсіпкерлеріне «Деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын ұйымдастырды. Дәрісті дінтану магистрі Е. Берікбаев жүргізді.
Іс-шараға 15 адам қатысты. Аудиторияның сұрақтарына нақты жауаптар берілді. Дәріс барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өткізілді.