
2020 жылдың 8 қазанында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы Алматы қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлеріне «Деструктивті діни ағымдарды анықтау және олардың зияны» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәрісті Дін мәселелерін зерттеу орталығының жетекшісі, тарих магистрі Д. Ибрагимов және дінтану магистрі Е. Берикбаев жүргізді.
Іс-шараға ҚАЖД-нің 16 қызметкері қатысты. Дәріс барысында догматикалық айырмашылықтар, деструктивті діни ағымдарға тартудың қауіптілігі мен әдістері айтылды. Сондай-ақ, дәріс қатысушыларына дәстүрлі діндер мен деструктивті ағымдардың арасындағы айырмашылықтар түсіндірілді. Тыңдаушы тарапынан қызығушылықтар танытылып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.