
2026 жылы 29 сәуірде Алматы қаласы Білім басқармасы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында «Заманауи білімнің төрт қыры» атты баспасөз тур өткізеді.
БАҚ өкілдері мен блогерлерге «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған мектептердегі заманауи инфрақұрылым, материалдық-техникалық база және оқытудың жаңа тәсілдері таныстырылады.
«Келешек мектептері жобасы аясында салынған жаңа мектептер – болашақтың зияткерлік білім беру ортасын қалыптастыру стратегиясын жүзеге асырудағы маңызды қадам. Бұл мектептерде балалар білім алып қана қоймай, сыни ойлауды, тапсырмаларды шығармашылықпен шешуді үйреніп, XXI ғасырда табысқа жету үшін қажетті цифрлық дағдыларды меңгереді», – деді Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәкен Аралбаев.
Баспасөз туры бағдарламасында:
• №213, №217, №218, №154 мектептерге бару;
• Заманауи инфрақұрылымды таныстыру: интерактивті сыныптар, STEM-зертханалар, кітапхана-медиатека, спорт және акт залдары, асханалар және т.б.;
• Оқу үдерісін көрсету: цифрлық технология мен жаңа жабдықтарды қолдана отырып ашық сабақтар өткізу.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы – еліміздегі білім беру саласының басты тренді. Қалалық Білім басқармасы жаңа STEM-зертханалардың, спорт кластерлерінің және шығармашылық студиялардың нақты жұмысын көрсетеді. Маршрутқа енген төрт мектептің әрқайсысы заманауи білімнің жеке бір қырын бейнелейді.
Күні мен уақыты: 22 сәуір, сағат 8:45 (қала әкімдігі жанындағы автотұрақта жиналу)
Өтетін орны: Алатау ауданы, бағыт: №213 → 217 → 218 → 154 мектептері
Байланыс үшін: Асан Қуанов, 87759894746
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ
№213 мектеп – «Музыка әлеміне цифрлық саяхат» жобасы QR-код арқылы мұғалім портфолиосы мен оқу ресурстарына интерактивті қолжетімділікті ұсынады. Оқушылар WorldSkills форматындағы жарыстар мен қолданбалы өнер жәрмеңкелері арқылы ынталандырылады. Мектепте робототехника жобалары жүзеге асырылып, инженерлік ойлау мен әлеуметтік дағдыны дамыту үшін ұлттық ойындарға негізделген «Гаджетсіз күн» бастамасы өткізіледі.
№218 мектеп – мектептің басты ерекшелігі – жоғары технологиялы «Smart киіз үйде» ұсынылған STEM-білім мен ұлттық құндылықтардың үйлесімі. Көрменің негізгі элементі – қазақтың дәстүрлі ойындарын (асық, арқан тарту) меңгерген роботтар. Сонымен қатар кәдесый жасауға арналған лазерлік технология, AI-ассистент прототипі және ұлттық тағамдар таныстырылады.
№217 мектеп – «Ғылым. Инновация. Болашақ» бренді «Даналық-тайм» тәрбиелік жобалары және «Құндылықтар уақыты» ұлттық ойындары арқылы жүзеге асады. Мұнда инженерлік ойлау робототехника және құрастыру арқылы дамытылады. Кәсіби бағдар беру жобасы оқушыларға еңбек нарығы талаптарын ескере отырып, болашақ мамандықты саналы таңдауға көмектеседі.
№154 И. К. Мандоки атындағы мектеп – «Science Fusion Zone: ғылым мен интеллект тоғысатын алаң» атты ғылыми-интеллектуалдық кеңістік құрылған. Бұл тұжырымдама химия, биология және географияны біріктіріп, Жер мен тіршілік туралы кешенді ғылым ретінде қарастырады.
Алматыдағы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған барлық мектепті жайлылық, қауіпсіздік әрі сапа сынды үш негізгі қағида біріктіреді. Эргономикалық орта шығармашылықты, инженерияны және ғылымды дамытуға ықпал етеді. Цифрлық және физикалық қауіпсіздік ұлттық ойындар мен «Гаджетсіз күн» сияқты жобалар арқылы әлеуметтік тәрбиемен толықтырылады. Ал білім сапасы жасанды интеллект пен WorldSkills элементтері енгізілген STEM-оқыту, теңгерімді тамақтану және жоғары технология мен қол еңбегінің үйлесімі арқылы көрініс табады.