Лого

Меню

Страницы

Статья

Қызылордада алғаш рет Қазақстанның барлық өңірлерінен Жас сайлаушылар клубтарының мүшелері бас қосты

«Жастар және сайлау» республикалық форумы аясында алғаш рет Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров еліміздің барлық өңірлерінен келген Жас сайлаушылар клубтарының (ЖСК) мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында клубтардың мүшелері электоралдық мәдениетті жоғарылату бағытындағы жобаларын таныстырды.

Кездесудің негізгі мақсаты сайлау комиссиялары мен жастар арасында тұрақты тікелей диалог орнату болды. Іс-шара барысында Клуб мүшелері жүзеге асырып жатқан жобаларын таныстырды және электоралдық мәдениетті қалыптастыру, жас қазақстандықтарды сайлау процестеріне тарту жөніндегі тәжірибесімен бөлісті.

Форумға еліміздің барлық өңірлерінен келген Жас сайлаушылар клубтарының 60 мүшесі, сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары қатысты.

Кездесуді ашқан ОСК Төрағасы клубтық қозғалыстың электоралдық мәдениетті қалыптастырудағы негізгі институттық рөлін атап өтті: «Жыл сайын Қазақстанда 300 мыңнан астам азамат алғаш рет дауыс беру құқығына ие болады. Біздің міндетіміз – бұл үдерісті олар үшін түсінікті әрі қолжетімді ету, сол үшін олармен жұмысты алдын ала бастау. Жастармен тікелей әрі мазмұнды диалог орнату маңызды – дәл осы тәсіл жауапты әрі саналы қатысуды қалыптастырады», – деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

Қатысушылар арасында өз өңірлерінде іске асырылып жатқан электоралдық саладағы қолданбалы шешімдер мен бастамаларды таныстырған клуб мүшелерінің баяндамалары да үлкен қызығушылық тудырды.


                Мәселен, Алматы қаласы Жас сайлаушылар клубының мүшесі Бауыржан Маханбет жастарды ақпараттандыруға арналған инновациялық құралдардың кешенін ұсынды: ағартушылық комикстер мен Telegram-боттан бастап, мектеп және студенттік сайлау модельдерін енгізу, білім беру форматтарын дамыту және депутаттық корпуспен өзара іс-қимылға дейінгі бастамаларды қамтыды.

Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы клубтардың белсенді қызметін атап өтіп, Алматы қаласының Жас сайлаушылар клубының мүшесі, «Болашақтан дауыс» комикстер сериясының теңавторы Руслан Муржановқа, сондай-ақ Қызылорда облысындағы 9-сынып оқушысы, жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып комикстер сериясын әзірлеген және өңір мектеп оқушылары арасында кең қызығушылық тудырған Аяжан Мөңкебайға алғыс хат табыстады.

Кездесу қорытындысы бойынша Жас сайлаушылар клубтарының қызметі жекелеген бастамалар шеңберінен шығып, тұрақты жүйелі сипат алып келе жатқаны атап өтілді. Клубтар тек қатысуды арттыру тетігі ғана емес, сонымен қатар сайлау процесін сапалы түсінуді қамтамасыз ететін, құқықтық мәдениетті дамытуға және жастардың өз сайлау құқықтарын жүзеге асыруға саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған маңызды платформа ретінде қалыптасып отыр.

Анықтама ретінде: бүгінгі таңда Жас сайлаушылар клубтары еліміздің барлық өңірлеріндегі 248 клубта 3 мыңнан астам қатысушыны біріктіріп, Қазақстан Республикасында электоралдық мәдениетті қалыптастыру жүйесіне интеграцияланған, қарқынды дамып келе жатқан қауымдастықты білдіреді.

Осы күні форум аясында өңірлік аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларымен кеңес өткізіліп, оның барысында сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізудің негізгі мәселелері талқыланды.

Дата публикации
27 апреля 2026
Дата обновления
27 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы