Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматыда Жас сайлаушылар клубының үшінші отырысы өтті

2026 жылғы 20 сәуірде КМҚК «Алматы көпсалалы колледжі» Құзырет орталығында «Алматы қаласы жастарын ақпараттандырудың инновациялық құралдары мен әдістері» тақырыбында қалалық Жас сайлаушылар клубының үшінші отырысы өтті.

Іс-шараны Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ұйымдастырды. Отырысқа Жас сайлаушылар клубының мүшелері, аумақтық комиссия өкілдері, сондай-ақ шақырылған қонақтар қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 40-тан асты.

Қатысушыларды Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова құттықтап, жастар арасында электоралды мәдениетті арттыру және ақпараттандырудың заманауи тәсілдерін енгізу бағытындағы жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Отырыстың негізгі бағдарламасы аясында жастарды ақпараттандырудың инновациялық құралдарын әзірлеу және қолдану мәселелері қарастырылды. Жиында Әуезов ауданы Жас сайлаушылар клубының төрағасы Бауыржан Маханбет баяндама жасады, ол тиімді коммуникациялық шешімдерді қалыптастырудың практикалық тәсілдерін таныстырды.

Сонымен қатар қатысушылар жастардың электоралды процестерге тартылуын арттыру, ақпараттандырудың нысандары мен әдістері, сондай-ақ жас азаматтардың сайлау науқандарына қатысуының заманауи стратегиялары мәселелерін талқылады. Өз ұсыныстары мен бастамаларын аудандық клуб өкілдері – София Полякова (Алмалы ауданы), Иманжан Сыздық (Медеу ауданы) және Гүлназ Жексен (Наурызбай ауданы) ұсынды.

Талқылау барысында қатысушылар жастар мен сайлау органдары арасындағы диалогтың маңыздылығын, сондай-ақ тәжірибе алмасу мен жастар бастамаларын іске асыруға арналған алаңдарды одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

Дата публикации
21 апреля 2026
Дата обновления
21 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы