Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматыда аға буын өкілдеріне арналған тегін қызметтердің кең мүмкіндіктері ұсынылған

Алматыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында егде жастағы тұрғындарға арналған 71 түрлі қызмет көрсетіледі. Тегін ұсынылатын барлық бағдарлама азаматтардың денсаулығын нығайтуға, білімін арттыруға және белсенді демалысын ұйымдастыруға бағытталған.

Орталықтар сауықтыру, білім беру, психологиялық қолдау, бос уақытты мазмұнды өткізу және әлеуметтік белсенділікті арттыру сынды бірнеше негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді.

Сауықтыру бағыты аясында емдік дене шынықтыру, йога, тыныс алу жаттығулары және скандинавиялық серуен бойынша сабақтар өткізіледі. Сонымен қатар, мамандардың кеңесі мен алдын алу бағдарламалары да қолжетімді.

Білім беру бағыты аясында компьютерлік сауаттылық курстары, смартфонды тиімді пайдалану дағдылары, шет тілдерін меңгеру, сондай-ақ қаладағы жоғары оқу орындары негізінде жұмыс істейтін «Күміс университеттерге» қатысу мүмкіндігі қарастырылған.

Психологиялық қолдау мәселесіне ерекше мән беріліп, есте сақтау қабілетін дамытуға арналған тренингтер, күйзелісті төмендету және эмоционалдық әл-ауқатты арттыруға бағытталған сабақтар өткізіледі.

Бос уақыт пен шығармашылық бағытта вокал өнері, театр студиялары, арт-терапия, түрлі қызығушылық клубтары, сондай-ақ экскурсиялар мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, орталықтар тұрғындарды еріктілік және қоғамдық бастамаларға тарта отырып, олардың әлеуметтік белсенділігі мен өзара қарым-қатынасын нығайтуға ықпал етеді.

Орталықтардың басты мақсаты — азаматтардың белсенді өмір салтын ұзарту, әлеуметтік оқшаулануды азайту және белсенді ұзақ өмір сүру мәдениетін қалыптастыру.

Бағдарламаларға зейнет жасындағы Алматының барлық тұрғыны қатыса алады. Қызмет тегін көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

Байланыс ақпараты:

     

№

ОРТАЛЫҚ АТАУЫ

ҮЕҰ атауы

Басшысының аты-жөні

Мекенжайы

Байланыс деректері

1

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ

Бас орталық

Бекетаева Сауле Станиславовна

Алмалы ауданы, Мәуленов көшесі, 46-А.

87771705870

2

Медеу бөлімшесі

Баймуратова Лилия Ролановна,

Медеу ауданы, Төле би көшесі, 24 в

87017445108

3

Бостандық бөлімшесі

Сембаева Нұргул Тілеубердіқызы

Бостандық ауданы, Сейфуллин көшесі, 597

87772488939

4

Балуан-Шолақ

Сәлімбаева Жазира  Бейқұтбайқызы

Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 44 (Балуан Шолақ спорт кешені)

87029263470

1

Алатау ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы»

«Асыл жүрек» қоғамдық қоры

Тайбосынова Эльмира Тұрсынқызы

Алатау ауданы ,Нұркент шағынауданы - 5, корпус 22, 2 қабат

 

2

Алмалы ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы»

 «Күміс ғасыр» қоғамдық бірлестігі

Хасенов Қанат Оралұлы

Алмалы ауданы,               Желтоқсан көшесі, 29

87477177763

3

Әуезов ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» (Яссауи)

«Күміс ғасыр» қоғамдық қоры

Тұратауова Айжан Мұратбекқызы,

Әуезов ауданы,  Тастак-1 шағынауданы, 3 үй 

87782868882

4

Әуезов ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» (Тастақ ш/а)

«Күміс ғасыр» қоғамдық қоры

Тұратауова Айжан Мұратбекқызы

Әуезов ауданы,  Афцинао көшесі, 3 а   

87782868882

5

Бостандық ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» (Казақфильм)

 «XXI Ғасыр дарындары қоғамдық қоры

Нұрланқызы Гүлнұр

Бостандық ауданы Казақфильм,  Нұр Алатау шағынауданы Шукенов көшесі, үй 66 а

 87070485008

6

Бостандық ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» (Орбита)

  «Ақтөбе дамуы» қоғамдық қоры

 Толқынай

Бостандық ауданы. Шахристан шағынауданы,  Науаи көшесі,  208/2 үй, 268-269 кеңсе

 87052235229

7

Бостандық ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» (Гаухар Тас)

  «QOLDAU EVENT» қоры

 Ислам Кәрім

Бостандық ауданы, Әбілхайыр хан көшесі, 150

 8777813 2124

8

Жетісу ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» (Кемел)

 «Ана тілегі – бала жүрегі»  қоғамдық қоры

Қаныбекова Гүлжазира Дүйсенқызы,

Жетісу ауданы, Кемел шағынауданы, Есім хан көшесі, 127а

 87024087810

9

Жетісу ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» (Айнабұлак)

«Қазақстандық адам ресурстарын дамыту институты» қоғамдық қоры

Құдышева Ботакөз Қинаятқызы

Жетісу ауданы, Айнабұлақ-2 шағынауданы, 32/2 үй

87051905550

10

Медеу ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» (Жангелдин)

 «Алматы жас дәрігерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі

Искалиева Сұлушаш Әбенқызы

Медеу ауданы, Жангелдин көшесі, 31/2, 3-қабат, 316-кеңсе

87472774737

11

Медеу ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» (Думан)

«Алматы жас дәрігерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі

Сулеева Гульнар Төлегенқызы

Медеу ауданы, Думан шағынауданы, Болашақ көшесі, 12

87772574233

12

Наурызбай ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» (Хан Тенгри)

«Асыл журек»  қоғамдық қоры

Аймағамбетова Жанар Боранғалиқызы

Қарғалы шағынауданы, Кенесары хан көшесі, 54/42, «Хан Тәңірі» ТК

87767999148

13

Наурызбай ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» (Кенбаева)

 «Асыл журек» қоғамдық қоры

Рысбекова Альфия Садыққызы

Наурызбай ауданы, Кенбаев көшесі, 5

8 700 364 78 68

14

Наурызбай ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» (Шұғыла)

  «Күміс ғасыр»  қоғамдық қоры

Хасенов Қанат Оралұлы

Наурызбай ауданы, Шұғыла шағынауданы, 340/35 үй, 13-корпус

87477177763

15

Түрксіб ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» (Волгоградская)

«Алматы жас дәрігерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі

Лубошников Илия Игоревич

Түрксіб ауданы, Волгоград көшесі, 63

87053083334

16

Түрксіб ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы»  (Поддубного)

 «Алматы жас дәрігерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі

Буданов Тимур Евгеньевич

Түрксіб ауданы, Поддубный көшесі, 65

87054440605

17

Түрксіб ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» (Заветная)

«Алматы жас дәрігерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі

Сапаров Ербол Хамитұлы

Түрксіб ауданы, Заветная көшесі, 17

87074999013

 

Дата публикации
08 апреля 2026
Дата обновления
08 апреля 2026
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы