
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы электрондық үкімет порталында Алматы қаласы мәслихатының аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындарды төлеу үшін тұрғын үй көмегін көрсетуге бағытталған шешім жобасы жарияланғанын хабарлайды.
Тұрғын үй көмегі Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы №100 шешіміне сәйкес көрсетіледі. Аталған шешім Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларының негізінде әзірленген.
Шешім жобасында тұрғын үй көмегін көрсету кезінде қолданылатын әлеуметтік нормаларды жаңарту бөлігінде өзгерістер енгізу көзделген. Аталған нормалар тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу кезінде пайдаланылады және әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарды қолдауда Қазақстан Республикасы бойынша бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге бағытталған.
Шешім жобасын қабылдау қолданыстағы нормативтік құқықтық актіні өзектендіруге, сондай-ақ Алматы қаласының аз қамтылған отбасыларын әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру қосымша бюджет шығындарын талап етпейді.
Жобаны 2026 жылғы 27 наурызға дейін «Ашық НҚА» порталында талқылауға қатысуға шақырамыз: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15783997