Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласында Дүниежүзілік сайлау күніне орай өткен іс-шараларға 5,5 мыңнан астам адам қатысты

Алматы қаласында Дүниежүзілік сайлау күніне орай өткен іс-шараларға 5,5 мыңнан астам адам қатысты

Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиялары «Электоралды қағидаттар – сайлаушылар сенімінің негізі» атты ортақ идеямен бірқатар кешенді іс-шаралар өткізді. Бұл тұжырым таңдау үдерісінің құқықтық, институционалдық және азаматтық бағдарлар жүйесінің қалыптасу нәтижесі екенін көрсетеді.

Іс-шаралар бағдарламасы заң үстемдігі, тәуелсіздік, ашықтық, инклюзивтік, кәсібилік және алқалық қағидаттарына негізделіп, барлық өткізілген кездесулердің тақырыптық бағыты мен мазмұнын айқындады.

Мегаполисте учаскелік және округтік сайлау комиссиялары мүшелеріне арналған семинарлар мен әдістемелік сабақтар, сайлау заңнамасын қолдану мәселелері бойынша практикалық талқылаулар, сондай-ақ комиссия мүшелерінің кәсіби мәдениетін, этикасын және жұмыс сапасын арттыруға бағытталған оқыту кездесулері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, сайлау үдерісінің барлық санаттағы азаматтар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету, инклюзивті тәжірибелерді дамыту және мүгедектігі бар азаматтармен дұрыс өзара іс-қимыл жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шараларға мектеп оқушылары мен студенттер белсенді қатысты. Олар үшін құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және сайлауға саналы түрде қатысуға бағытталған қонақ дәрістер, пікірсайыстар, дискуссиялар мен дөңгелек үстелдер өткізілді. Сонымен қатар электоралды квесттер, квиздер, викториналар, плакаттар, суреттер, эсселер және бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды. Жастарды кеңінен қамту мақсатында әлеуметтік желілердегі заманауи форматтар да қолданылды.

Маңызды іс-шаралардың бірі ретінде мектеп командалары өздерінің мектепішілік өзін-өзі басқару жүйелеріндегі сайлау модельдерін таныстырған III қалалық «Мектептің өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» байқауын атап өтуге болады. Байқау тәжірибе алмасуға және ұжымдық шешім қабылдау мәдениетін дамытуға мүмкіндік беретін тиімді алаңға айналды.

Жалпы қала бойынша әртүрлі форматта 84 іс-шара өткізіліп, оларға 5 508 адам қатысты, оның ішінде 4 709-ы жастар.

Дата публикации
06 февраля 2026
Дата обновления
06 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы