Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласында Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу қарсаңында өткізілген іс-шаралар туралы

Алматы қаласында Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу қарсаңында өткізілген іс-шаралар туралы

2026 жылғы 6 ақпанда Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиялары Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында бірқатар іс-шаралар өткізді. Іс-шаралар «Электоралды қағидаттар – сайлаушылар сенімінің негізі» ұранымен өтті. Өткізілген іс-шаралар кәсібилік пен алқалық қағидаттарын іске асыруға арналды. Негізгі назар азаматтардың құқықтық сауатын арттыруды жалғастыруға, сайлау заңнамасының нормаларын түсіндіруге, сондай-ақ сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруге аударылды. Іс-шаралар барысында шешімдерді алқалы түрде қабылдау, комиссия мүшелері арасында тәжірибе алмасу және сайлау рәсімдерін ұйымдастыру мен өткізу кезінде өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиялары бүгін барлығы 8 іс-шара өткізіп, оған жалпы 455 адам қамтылды, оның ішінде 440-ы– жастар.

Алатау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «№210 мектеп-лицейі» КММ базасында «Неліктен сайлауға қатысу маңызды?» тақырыбында дебат өткізді. Іс-шараға жоғары сыныптардың 30 оқушысы қатысты. Негізгі мақсат – құқықтық және саяси мәдениетті арттыру, сондай-ақ жастарды сайлау процесіне тарту.

Алмалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «№15 гимназия» КММ базасында қашықтан байланыс форматында «Сайлауға қатысудағы тең мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында қатысушылар сайлаудың маңызын және әрбір азаматтың ел өміріндегі рөлін талқылады.

Әуезов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Алматы құрылыс-техникалық колледжі» МКҚМ базасында колледж студенттеріне арналған «Сайлау комиссияларында шешім қабылдаудың алқалы қағидаты» тақырыбында қорытынды жұмыс отырысын өткізді. Қатысушылар шешім қабылдау барысында ұжымдық пікір мен ортақ жауапкершіліктің маңызын талқылады.

Бостандық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы аудандық сайлау комиссиясы базасында «Дауыс беру күні сайлау комиссиясы мүшелерінің кәсіби әдебі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара кәсіби мәдениетті арттыруға және сайлау процесіне деген сенімді нығайтуға бағытталды.

Жетісу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «№101 мектеп-гимназия» КММ базасында «Менің таңдауым – елімнің болашағы» тақырыбында қонақ дәріс өткізді. Талқылауға жоғары оқу орындарының студенттері мен қалалық дебат клубының мүшелері қатысты. Дәрістің мақсаты — жас ұрпаққа сайлау мен референдумдардың маңызын түсіндіру, жастарды мемлекеттегі әлеуметтік маңызы бар үдерістерге тарту және азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Наурызбай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  «№187 жалпы білім беретін мектеп» КММ және «№206 мектеп-гимназия» КММ базаларында «Сенің даусың маңызды» тақырыбында шығармашылық байқау ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – визуальды өнер мен әзіл-сықақ арқылы жастардың назарын сайлау және азаматтық жауапкершілік мәселелеріне аудару. Байқау екі номинация бойынша өтті: дәстүрлі үгіт плакаты және заманауи интернет-мем.

Түрксіб аудандық аумақтық сайлау комиссиясы аудан мектептері базасында оқушылар арасында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында эссе байқауын өткізді. Іс-шара халық арасында, оның ішінде жастар арасында электоралды мәдениетті насихаттауға бағытталды.

Өткізілген іс-шаралар қатысушылардың құқықтық сауатын арттыруға, сайлау жүйесіне деген сенімді нығайтуға және сайлауға саналы қарым-қатынас қалыптастыруға ықпал етті.

 

Дата публикации
06 февраля 2026
Дата обновления
06 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы