
Алматы қаласында Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу қарсаңында өткізілген іс-шаралар туралы
2026 жылғы 5 ақпанда Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиялары Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында бірқатар іс-шаралар өткізді. Іс-шаралар «Электоралды қағидаттар – сайлаушылар сенімінің негізі» ұранымен өтті. Өткізілген іс-шаралар кәсібилік пен алқалық қағидаттарын іске асыруға арналды. Негізгі назар азаматтардың құқықтық сауатын арттыруды жалғастыруға, сайлау заңнамасының нормаларын түсіндіруге, сондай-ақ сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруге аударылды. Іс-шаралар барысында шешімдерді алқалы түрде қабылдау, комиссия мүшелері арасында тәжірибе алмасу және сайлау рәсімдерін ұйымдастыру мен өткізу кезінде өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиялары барлығы 9 іс-шара өткізіп, оған жалпы 495 адам қамтылды, оның ішінде 442-сі– жастар.
Әуезов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жаңадан тағайындалған сайлау комиссиялары мүшелеріне арналған «Сайлау комиссиясы мүшесінің келбеті» тақырыбында қашықтық форматта семинар өткізді. Іс-шара комиссия мүшелерінің кәсіби қызметіне қойылатын талаптарды түсіндіруге және сайлау процесіндегі жұмысқа дайындық деңгейін арттыруға бағытталды.
Бостандық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы аудандық комьюнити-орталық базасында «Жастардың электоралдық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырды. Іс-шара жас буынның құқықтық сауаты мен азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталды.
Жетісу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «№87 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында «Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіндегі сайлау комиссияларының рөлі» тақырыбында қонақ дәріс өткізді. Талқылауға жоғары оқу орындарының студенттері мен қалалық дебат клубының мүшелері қатысты. Іс-шараның мақсаты – жоғары сынып оқушыларын сайлау комиссияларының қызметімен кеңінен таныстыру, жастар мен жас ұрпақты мемлекеттегі әлеуметтік маңызы бар үдерістерге тарту және азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Наурызбай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «№187 жалпы білім беретін мектеп» КММ және «№206 мектеп-гимназия» КММ базаларында «Сенің даусың маңызды» тақырыбында шығармашылық байқау ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – визуальды өнер мен әзіл-сықақ арқылы жастардың назарын сайлау және азаматтық жауапкершілік мәселелеріне аудару. Байқау екі номинация бойынша өтті: дәстүрлі үгіт плакаты және заманауи интернет-мем.
Түрксіб аудандық аумақтық сайлау комиссиясы аудан мектептері базасында оқушылар арасында «Болашақ Қазақстан» тақырыбында сурет байқауын өткізді. Іс-шара халық арасында, оның ішінде жастар арасында электоралды мәдениетті насихаттауға бағытталды.
Өткізілген іс-шаралар қатысушылардың құқықтық сауатын арттыруға, сайлау жүйесіне деген сенімді нығайтуға және сайлауға саналы қарым-қатынас қалыптастыруға ықпал етті.