Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласында «Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» атты III Қалалық байқаудың аудандық кезеңінің қорытындысы шығарылды

Алматы қаласында «Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» атты III Қалалық байқаудың аудандық кезеңінің қорытындысы шығарылды

2026 жылы 30 қаңтарда «Мектептегі өзін-өзі басқарудың ең үздік сайлау жүйесі» ІІІ Қалалық байқауының аудандық кезеңі өтті. 2026 жылғы 12-30 қаңтар аралығында байқауға қатысуға Алматы қаласы мектептерінен 124 өтінім берілді, бұл мектептердің жалпы санының 55,6% құрайды. Байқауға өз жұмыстарын 115 мектеп ұсынды (берілген өтінімдер санының 92,7%), ал байқауға 106 мектеп қатысты (берілген өтінімдер санының 84,5%). Әр ауданда байқауға ұсынылған жұмыстарды қарау, командалардың өнер көрсетуі, қорытындылау, жеңімпаздарды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттау рәсімі өткізілді. Іс-шараға Алматы қаласының 106 мектебінен «Өзін-өзі басқару ұйымдарының» 480 мүшелері қатысты(оның ішінде 438-і – жастар). «Мектептің өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» ІІІ Қалалық байқауының финалына 8 команда жолдама алды. Іс-шаралар «Электоралды қағидаттар – сайлаушылар сенімінің негізі» ұранымен өтті. Аталған іс-шаралар ашықтық қағидатын іске асыруға арналды.

«Мектептегі өзін-өзі басқарудың ең үздік сайлау жүйесі» ІІІ Қалалық байқауының финалисттері:

1) Алатау ауданы: «№201 мектеп-гимназия» КММ;

2) Алмалы ауданы: «№134 лицей» КММ;

3) Әуезов ауданы: «№173 мектеп-лицей» КММ;

4) Бостандық ауданы: «О. Жандосов атындағы №105 Гимназия» КММ;

5) Жетісу ауданы: «№102 жалпы білім беретін мектеп» КММ;

6) Медеу ауданы: «№53 мектеп-гимназия» КММ;

7) Наурызбай ауданы: «№208 мектеп-гимназия» КММ;

8) Түрксіб ауданы: «№50 жалпы білім беретін мектеп» КММ.

«Мектептегі өзін-өзі басқарудың ең үздік сайлау жүйесі» Қалалық байқауының финалын өткізу 2026 жылдың 05 ақпанына жоспарланып отыр.

 

Дата публикации
04 февраля 2026
Дата обновления
04 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Выборы депутатов маслихата - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы